Негізгі Жаңалықтар Жаңа жағалауда маусымның қорытынды би кеші өтті

Жаңа жағалауда маусымның қорытынды би кеші өтті


ДИКТОР: Жаз бойы Көкшетаудағы Жаңа Жағалау ретро әуендерге бөленді. Мұнда өткен дәуірдің танымал әндері шырқалып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ретро-дискотекаға жиналған қала тұрғындарының арасында жастық шағын еске алған аға буын да, әуезді әндерге билеп, көңіл көтерген жастар да болды. Жазғы маусымның соңғы ретро-кеші де көңілге ерекше әсер сыйлады. 

РКС: Осы жазда Жаңа Жағалау жай ғана серуендейтін орын емес, қала тұрғындары бас қосып, би билейтін сүйікті мекенге айналды. Мұнда өткен ретро-дискотекалар әр кеш сайын жұртшылықтың көңілінен шықты. Кеше, бүгін маусымның соңғы кеші өтті. Соған қарамастан, жағалауға жиналған халықтың қарасы қалың. Таныс әуендер әуелеп, тұрғындар би билеп, жаздың соңғы кешін көтеріңкі көңіл-күймен өткізуде.

БЛИЦ: 

- И для молодых, и для пожилых – это так здорово! Спасибо вообще, вот, кто это придумал, кто это организовал.

- Очень чётко! Молодцы, что такое придумали! Особенно для пенсионеров это прекрасно! Танцуем, веселимся – энергию получаем!

- Очень хорошо, всё красиво, особенно саксофон. Пусть почаще играет. Прекрасно вообще. Шикарная дискотека, всем добра и счастья! Я несколько раз уже прихожу, и каждый раз мне очень нравится.

- Первый раз пришла. Эмоции великолепные, я здесь рядом живу, каждый день слышу, первый раз только получилось прийти. Шикарно, великолепно!

РКС: 80-жылдардың әуезді хиттерінен бастап, 90-жылдардың танымал әндеріне дейінгі музыкалық бағдарлама кеш қонақтарын бірден би ырғағына бөледі. Би алаңына сол дәуірдің алғашқы дискотекаларын көрген аға буын да, бүгінгі жастар да шықты. Әуенге тербелген жұрт үшін бұл кештер жаздың жайма-шуақ күндерін таза ауада көңілді өткізіп, әр буынның сүйікті әндерін бірге тыңдауға мүмкіндік берді.

СНХ: ӘСЕМ ГОРДИЕНКО, МУЗЫКАЛЫҚ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жаз бойы әр бейсенбі мен жұма күндері осында ретро-дискотека ұйымдастырылды. Бүгін біздің топ өнер көрсетіп жатыр. Көкшетаулықтар өте жылы қабылдап жатыр. Билеп, бірге ән айтып, көңіл көтеруде. Өйткені біз көпшілікке таныс, сүйікті хиттерін орындаймыз. Көрермендер де әндерге қосылып, бірге шырқауда. Осындай концерттерді өткізгенді өзіміз де ерекше жақсы көреміз. Мұнда жақсы көңіл-күй, жағымды эмоция бар, және халықпен бірге қуануға болады. Бұл кештер кейбіріне 90-жылдарға бір сәтке қайта оралғандай әсер сыйлайды. Репертуарымыздың басым бөлігі дәл сол кезеңдегі танымал әндерден тұрады.

РКС: Жазғы маусымның соңғы кеші де ән мен биге ұласып, көтеріңкі көңіл-күймен қорытындыланды. Осылайша, жаз бойы жалғасқан ретро-кештер көкшетаулықтардың көңілінен шығып, көпшілік асыға күтетін жақсы дәстүрге айналды. 

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар