Негізгі Жаңалықтар Биыл Семей ядролық полигонның жабылғанына 35 жыл

Биыл Семей ядролық полигонның жабылғанына 35 жыл


ДИКТОР: Қазақ тарихындағы ең қасіретті кезеңнің біріне айналған Семей ядролық полигонының жабылғанына биыл 35 жыл. Жарты ғасырға жуық уақыт қазақ даласында 450-ден астам ядролық сынақ жасалып, оның зардабын миллионнан астам адам тартты. Арада жылдар өтсе де, Семей қасіреті ұмытылған жоқ. Аптаның соңында Көкшетау қаласында сол зұлматты көзімен көріп, зардабын жүрегімен сезінген жандардың қатысуымен «Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл» тақырыбында танымдық шара өтті.

РКС: Кездесуде ядролық сынақтардың адам тағдыры мен табиғатқа тигізген әсері жайлы сөз қозғалып, тарихтың ащы сабақтары кейінгі ұрпаққа баяндалды. Қаралы кезеңді бастан өткерген азаматтардың естеліктері шараның мазмұнын тереңдете түсті. 

СНХ: МАРАТ НҰРҒАСЫМОВ, «СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫНДА ЗАРДАП ШЕККЕН АРДАГЕРЛЕР МЕН МҮГЕДЕКТЕР ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мен өзі 1983 жылы әскерге шақырылғанмын май айында. Сонда біз 60 адам бардық. Осы Көкшетау облысынан. Әскерге барғанда мен бірінші рет естедім бізде Қазақстанда жабық қала бар екенін Курчатов деген. Ешкім кіре алмайды, ешкім шыға алмайды. Жарылыс жұма сайын болатын. Өзіміздің көзіміз көрді. 

РКС:Семей полигонында 1972 жылдан бастап оның жабылған сәтіне дейін Владимир Капитанов 20 жылдан астам қызмет еткен. Полигондағы қызмет жылдарын еске алған ардагер жарылыстардың күшін әлі күнге дейін ұмытпағанын айтады. 

СНХ: ВЛАДИМИР КАПИТАНОВ, ЗАПАСТАҒЫ МАЙОР: Жарылыстар өте қуатты болды. Тіпті «Урал» көлігінің өзі осындай күшті соққыдан жерден жарты метрдей биіктікке көтеріліп кететін. Біз ядролық жарылыс жасалатын жерден 5 шақырымдай қашықта тұрдық. Соққы күші өте қатты сезілетін. Әрине, алғашқы кезде қорқыныш та болды. Әсіресе жас кезімде алғашқы жарылысты көргенде қатты қорықтым. Соққы толқыны жақындағанда қазір мына жердің астына кетеміз деп ойлаған едім. 

СНХ: МҰРАТБЕК БАЛҒАБАЙ, «НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жастар келешекте осындай өмірді көрмесін. Ядроляқ сынақ не екенін қағаз жүзінде ғана білсін. Біздің жігіттер жарылғанда көргенде өзі жүрегің ауырады. Мына ядролық полигонның жабылғанына біз өте қуанамыз.

РКС: Өткеннің қасіретін еске алып қана қоймай, бейбіт күннің бағасын терең сезінуге үндеген тағылымды шарада Семей полигонның зардабын тартқан ардагерлерге Алғыс хат табысталды. Сонымен қатар мерекелік ән шашуда қатысушылардың құрметіне орындалды. 

ИНТЕРШУМ: 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар