Негізгі Жаңалықтар Техникалық мектеп-лицей базасында мамандырылған күрес залы ашылды

Техникалық мектеп-лицей базасында мамандырылған күрес залы ашылды


ДИКТОР: Көкшетаудағы техникалық мектеп-лицейде жаңа күрес залы ашылды. Жоба балалар мен жасөспірімдер арасында күресті дамытуға және болашақ чемпиондарды мектеп қабырғасынан дайындауға бағытталған. Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов, спорт ардагерлері мен танымал балуандар қатысты.

РКС: 12 жастағы Нұраш Қажақов күреспен алты жылдан бері айналысады. Облыстық және республикалық жарыстарда жүлде алған жас балуан енді жаңа залда шеберлігін шыңдап, биік белестерді бағындырғысы келеді. Арманы - әлем чемпионы атанып, Олимпиадада Қазақстанның Әнұранын шырқату.

СНХ: НҰРАШ ҚОЖАҚОВ, ЖАС СПОРТШЫ: Арманым - биік тұғырдан көрініп, Олимпиада ойындарында Қазақстанның Әнұранын шырқату. Нұрсұлтан ағайдың барлық шәкірті чемпион атанса деймін. Мен де әлем чемпионы атанғым келеді. 

РКС: Күрес - қазақтың дәстүрімен сабақтас, елге кең тараған спорт түрлерінің бірі. Сондықтан жас балуандарға қажетті жағдай жасау - маңызды міндет,-дейді аймақ басшысы.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін үлкен іс-шараның басында тұрмыз. Осындай бағдарлама әр мектептерде, біздің еліміздің танымалы, дәстүрлі, қанымызға сіңген осы күресті ары қарай дамыту, мадақтау мәселесіндегі бүгінгі үлкен жоба. 

РКС: Бұл жоба биыл Спорт және туризм, Оқу-ағарту министрліктері және Қазақстан күрес федерациясы арасындағы үшжақты келісім аясында қолға алынған. Ақмола облысы - осы бастама жүзеге асқан алғашқы өңірдің бірі.

СНХ: ЕРКІН ОҚАСОВ, ҚАЗАҚСТАН КҮРЕС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Оның мақсаты - біздің спортты жандандыру, мектеп саласындағы, балаларды күреске тарту. Күрестің біздің ел үшін маңызы зор спорт. Және біздің резервті қалыптастыру. Федерация осы жылдың соңына дейін кемі 100 мектепті осылай қамтамасыз етсек деп тұрмыз республика бойынша. Федерация тарапынан инфрақұрылым, тренерский состав, қадағалау сол жағы қарастырылған. 

РКС: Шараға өңірдің спорт ардагерлері мен халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген балуандар да қатысты. Олар мұндай спорттық инфрақұрылым балалардың шеберлігін шыңдап, халықаралық аренада бәсекеге қабілетті спортшылар тәрбиелеуге жол ашатынына сенімді.

СНХ: МАРАТ ЖАРМАҒАМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ҚАЙРАТКЕРІ: Кейінгі 1-2 жылда күрес өте керемет дамып келеді. Күрестің дамуына себеп- залдар. Дайындалатын залдар әр ауданда, Көкшетауда жақсы залдар салынып жатыр. Еркін күрес жақсы дамып жатыр. Оған жағдай да істелініп жатыр. Енді қазақ күресіне көңіл бқлініп, соны дамытса екен деймін. 

СНХ: НҰРСҰЛТАН АЗОВ, ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ: Соңғы жылдары Көкшетауда спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. «Kokshe Arena» секілді заманауи нысандар мен бүгін ашылған жаңа залдар жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беріп, үлкен жарыстарға дайындалуына серпін береді.

РКС: Бүгінде Көкшетау ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндік беретін спорттық орталыққа айналып келеді. Шаһардағы «Kokshe Arena» базасында бірнеше спорт түріне арналған заманауи залдар жұмыс істейді. Қазір мұнда республикалық және халықаралық жарыстарға дайындық жиындары өтуде. Мұндай жобалар бұқаралық спортты дамытып, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге негіз болары сөзсіз. 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ



Бөлісу

Аймақтық телеарналар