5 жыл ішінде аймақта 73,7 млн.түп ағаш отырғызылды
ДИКТОР: 2027 жылға дейін Қазақстанда 2 миллиард түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Ақмола облысы жоспарды артығымен орындауда. Биыл жоспарланған 14,5 милионның орнына 16 миллион түпке жуық көшет егілді. Күзгі жұмыстарды есепке алғанда бұл көрсеткіш 20 миллионға дейін жетіп қалады. Аймақтағы жұмыс барысын Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев пен облыс басшысы Марат Ахметжанов бағамдады.
РКС: «Қазақстан Орманы» жобасы жеке инвестициялардың есебінен жүзеге асырылуда. Үш жыл бұрын күзде тәлімбақ үшін 485 гектар жер бөлінді. Ол тамшылап суары құрылғыларымен жарақтандырылды. Қазір мұнда солтүстік өңірдің табиғи-климаттық жағдайына толықтай бейімделген көшеттер өсірілуде.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жалпы біз облысымыз бойынша біз 2027 жылға дейін 157 миллион түп ағаш егуіміз керек, жалпы. Бұрын осы бүкіл көшеттерді біз шетелден алып келуші едік. Шетелден әкеліп, соны егіп, оның жанағыдай бізге жерсінбей, соның жанағы 60, 50 пайызы ғана шығушы еді, сондай бізде.Сондықтан соның бәрін қарап, қазір өзіміздің жергілікті көшеттерді егеміз. Міне, осы қожалықпен біз 60 миллион түп алуға келісімшартқа қол қойып отырмыз. Biыл 5 миллионын осы күзде егеміз. Бұл жерде енді бұл көшеттердің осы біздің жерге, осы топырағымызға, біздің ауа райымызға әбден осы дайын, сондықтан 90 пайыздан астам осының бәрі жерсініп, өседі, жақсы өседі.
РКС: Өсімдіктердің жоғары деңгейде жерсінуінің басты құпиясы – суды тиімді үнемдеуге мүмкіндік беретін тамшылап суарудың израильдік технологиясы. Бұдан бөлек, кешендегі үш жылыжайдың мамандары көшет өсірумен ғана айналыспай, зертханалық зерттеулер де жүргізеді.
СНХ: ҚУАТ ЕРҒАЛИЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ОРМАНЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл жерде біз әр елдің бірнеше технологиясын қолданамыз. Құрал-жабдықты Израильден жеткіздік. Тіршілік нәрі, оның қысымы, басқару, дәрумендер бәрі автоматтандырылған жүйе арқылы беріледі. Тамшылап суару желісі де сол жақтан әкелінген. Өздеріңіз білесіздер, Израиль технологиясы өте жоғары, әсіресе ауыл шаруашылығы мен орман саласында ерекше деп айтуға болады. Сондықтан қажетті құрылғының бәрін сол жақтан әкелдік. Қайың мен қарағай көшеттеріне байланысты қосымша Беларусь пен Ресейдің ғылыми институттарын тарттық.
РКС: 485 гектар суармалы жердің тек 85-і ғана қолданыста, тағы 400 гектар аумақ әлі бос тұр. Бұл жер болашақта қуаттылығын жылына 250-300 миллион көшетке дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Экология Министрі Ерлан Нысанбаев егілетін материалдың сапасы орманды табысты қайта қалыпқа келтірудің басты шартына айналуы тиіс,-деп атап өтті.
СНХ: ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ: Президент тапсырмасының арқасында бүгін өңірлерде осы питомниктер қатты дамып жатыр, жақсарып жатыр. Ол осының бірі міне осы, өздеріңіз бағанадан бері естіп отырсыздар, мынау өсіп тұрған қарағашта 60 миллион... Осы 2 миллиард отырғызу ағаш жоспарланған.Сонда өсіріп жатырмыз дейді. Міне, сатып алушыны іздемейді, мемлекет сатып алады, міне питомник сонымен дамып жатыр. Жалпы бүгін біз 1 миллиард 700 миллиондай ағаш отырғызылды. 27-ші жылға дейін біз бүтін сол 2 миллиардты отырғызуға бүгін дайын деп айтуға болады. Міне, өздеріңіз көріп отырсыздар, осы Ақмола облысының өзінде де жоспарды 100 пайызға орындаймыз дейді.
РКС: Қазір Ақмола облысында 11 орман тәлімбағы жұмыс істеп тұр. Оның үшеуі негізгі және 8-і уақытша. Жалпы аумағы 190 гектар алқапты алып жатыр. Аймақтың көшеттерге жалпы қажеттілігін толық жабу үшін Зеренді ауданындағы «Бұқпа» орман шаруашылығынжа тағы бір ірі тәлімбақтың құрылысы басталды. Оның аумағы 69 гектар.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ