Алтын өндірудің жерасты әдісі енгізіледі
ДИКТОР: Васильковский кен орнында алғашқы жерасты шахтасының жарылысы өтті. «Алтынтау Көкшетау» кәсіпорны алтын өндірудің жерасты әдісіне кезең-кезеңімен көшпек. Жоба кеніштің өндірістік қызмет мерзімін 2047 жылға дейін ұзартуды көздейді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Васильковский - Қазақстандағы ірі алтын кен орындарының бірі. Кеніш ондаған жыл бойы ашық карьер әдісімен игерілген. Енді өндіріс жер астына көшеді. Жаңа тәсіл жер қойнауындағы қорды тиімді игеріп, кәсіпорын жұмысын ұзақ мерзімге жалғастыруға мүмкіндік бермек.
СНХ: ВИКТОР ХАЙКОВ, АЛТЫН ӨНДІРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Осыдан 47 жыл бұрын бұл жерде ештеңе болған жоқ. Тек жазық дала ғана еді. Өндірістің тоқырауын да, дамуын да өз көзіммен көрдім. Бүгінде «Алтынтау Көкшетау» компаниясының Васильковский кенішінде жаңа кезең басталып отыр. Ашық әдіспен жүргізілген жұмыстар барысында бекітілген қор толық расталған сияқты, енді жерасты қорлары да расталса екен. Тіпті қор көлемі одан әрі артса екен деймін.
РКС: Жобаны жүзеге асыру үшін кеніш аумағын кеңейту жоспарланған. Осы мақсатта шамамен бір мың гектар жер телімі қарастырылып отыр. Жерасты әдісіне көшу өндірісті жаңа деңгейге шығарып, кәсіпорынның жұмысын тағы жиырма жылдан астам уақытқа жалғастыруға жол ашпақ.
СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біріншіден, ол жаңа салық көздері. Осы компания жыл сайын Ақмола облысына 3 миллиард теңге салық төлесе, республикалық деңгейде ол жүздеген миллиард теңге салық төленеді. Жаңа жұмыс орындары, және де осы шахталық әдіспен жаңа технологияларды жаңа әдістерді әкелетін болады.
РКС: Айта кетейік, «Алтынтау Көкшетау» өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің шамамен 17 пайызын қамтамасыз етеді. Бүгінде кәсіпорында 1700-ден астам адам еңбек етеді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ