Негізгі Жаңалықтар Ауданда 9 білім ошағы табиғи газға көшірілді

Ауданда 9 білім ошағы табиғи газға көшірілді


ДИКТОР: Елде энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту аясында газдандыруға басымдық берілуде. Мемлекет басшысы халықты табиғи газбен қамту деңгейін қазіргі 65 пайыздан 80 пайызға дейін жеткізуді міндеттеген еді. Осыған орай Аршалы ауданында былтыр 5 білім беру ұйымы көмірден табиғи газға көшсе, биыл тағы 4 мектептің жылыту жүйесі орталықтандырылған көгілдір отынға ауыстырылды.

РКС: Аршалы ауданындағы білім беру нысандары жаңа оқу жылына толық дайын десек, артық айтқандық емес. Биыл Ақмола облысында алғашқылардың бірі болып Жалтыркөл, Бабатай, Ижевск және Түрген мектептері толықтай табиғи газға көшірілді. Ауданның алдағы жылға да ауқымды жоспары бар. Жылу беру жүйелерін жаңғырту жұмыстары жалғасып, тағы бірқатар білім беру нысанын табиғи газға қосу көзделіп отыр.

СНХ: ӘМІРЖАН БЕКБАУЫЛОВ, АРШАЛЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ: 2027 жылы тағы 7 объект газификациялауға көшуге дайындалып жатыр. Проектный сметалық документациялар дайын. Газдандырудың тиімді жағы температура бір қалыпты сақталып тұрады. Ата-аналар да өте риза. Үнемділік жағынан да тиімді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар