Негізгі Жаңалықтар Кітапханалар оқырман сұранысына сай өзгеріп келеді

Кітапханалар оқырман сұранысына сай өзгеріп келеді


ДИКТОР: Биыл еліміз бойынша 1 миллионнан астам азаматты кітап оқуға тарту көзделеді. Қыркүйек айында бастау алатын «Кітап оқитын ұлт» марафонына ақмолалықтар да қосылады. Жуырда облыстық әкімдікпен меморандумға қол қойылды. Кітап оқитын ұлттың жаңа бейнесі қандай?! Бүгінгі кітапхана оқырманның сұранысына сай қалай өзгерді?! Тілші баяндайды.  

РКС: Аманжол Ыдырысұлының жасы 84-те. Ол Көкшетаудағы Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың байырғы оқырманы. Кітапқұмар жан руханият ордасының табалдырығын алғаш рет осыдан 50 жыл бұрын аттаған. Кітапқа деген махаббат жарты ғасыр өтсе де, суыған жоқ,-дейді қарт оқырман. 

СНХ: АМАНЖОЛ ЕСМАҒҰЛОВ, ОҚЫРМАН: Кітаптан көкірек көзің ашылады. Әлемнің көбін білгің келеді. Ылғи ізденіп жүрем. 3 жыл әскерде болғанда Әл Фараби университетінің 3 курсын сырттай оқып бітірдім. Міне, кітаптың маған көмегі.

РКС: Бүгінгі кітапхана баяғы шаң басқан сөрелер мен «тыныштық сақтаңыз!» деп ескертетін орын емес. Қазір руханият ордасы заманауи медиаорталыққа айналды десек болады. Себебі, креативті коворкинг орталығы бар.

СНХ: ЖҰЛДЫЗ МАҒЖАН, ОҚЫРМАН: Үйден қарағанда осы жерден оқу өте өнімді. Студент кезімнен бастап,осы кітапханаға келіп отырам, жиі келем. Рефераттар бар, үй тапсырмалары, керекті ақпаратты тауып іздеймін. Электронды кітаптарды іздей аламыз. Кітпахананың атмосферасы ұнайды, жағымды. Ашық. Керемет! 

РКС: Бүгінде облыстық кітапханада 300 мыңға жуық кітап пен басылым бар. Оның 80 мыңнан астамы мемлекеттік тілде. Кітап қоры оқырманның талғамына сай бейімделген: психология, бизнес, мотивация және әлемдік классика дейсіз бе бәрі бар. Тіпті, 3 жарым мыңға жуық кітап пен газет сандық форматқа көшірілген. Ал «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысам деушілер алдымен тіркеліп, 300 кітаптың ішінен 15-ін таңдап алу қажет,- дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: ЖАНАР ЖҮСІПОВА, «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ӨҢІРЛІК ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: 2026 жылдың қыркүйек айынан 2027 жылдың наурыз айына дейін республика бойынша «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны басталады. қатысушылар 15 кітап оқу керек талап бойынша, тамыз –қыркүйек арасында тіркелу басталады. 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар