Негізгі Жаңалықтар Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қорғау назарда

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қорғау назарда


ДИКТОР: Ақмола облысында мүгедектігі бар 4 мыңға жуық бала тұрады. Мемлекет оларға жан-жақты қолдау көрсетіп, оңалтудан өтуге және толыққанды білім алуға көмектеседі. Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы тілшіміз толық баяндайды. 


РКС: Құрылтайдың алғашқы отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар балаларға қамқорлық жасаудың маңыздылығын атап өтті. Президент депутаттарға оларға жан-жақты қолдау көрсету туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Ол билік өкілдерінің жас ұрпақ үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға міндетті екенін мәлімдеді.


СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет. Әсіресе, медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек. Осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыстың және үлкен аудандардың қалаларында салу қажет. 

РКС: Ақмола облысында мүгедектігі бар жандарға арналған инфрақұрылым да дамытылып жатыр. Өткен жылдың соңында Көкшетау қаласында аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларға арналған қолдау орталығы ашылды. Қолданыстағы сегіз ай ішінде 33 балаға көмек көрсетілді. Қазір мұнда облыстың түрлі аудандарынан келген 18 баламен оңалту жұмыстары жүргізіліп жатыр.


СНХ: СӘУЛЕ МӘЛҒАЖДАРОВА, АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Орталықтың басты мақсаты — аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды әлеуметтік бейімдеу және олардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Тәрбиешілерден, күтушілерден, арнайы білім беру педагогтерінен, психологтар мен дене шынықтыру нұсқаушыларынан тұратын командамыз осы балалардың қоғамға барынша толыққанды кірігуіне жәрдемдеседі, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету, командамен жұмыс істеу, топта әрекет ету және өзара тыңдау сияқты маңызды дағдыларды сіңіру бағытында бірлесіп жұмыс істейді.

РКС:Елімізде мүгедектігі бар адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі көрсетіледі. Бұл қолдау Қазақстанның барлық тұрғынының тең құқықтарын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуге ерекше назар аударылады.

СНХ: МАҚСАТТЕМІРБОЛАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қазірөңірде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 43 ұйым жұмыс істейді. Олардың 29-ы мемлекеттік секторға, ал 14-і жеке секторға жатады. Мемлекеттік сектордағы 29 ұйымның 10-ы – стационарлық мекеме. Солардың бірі Көкшетау қаласында орналасқан, балаларға арналған мекеме. Оның қазіргі сыйымдылығы стационарлық күтімге 43 баланы және күндізгі уақытта 20 баланы қабылдауға мүмкіндік береді, мұнда кезек жоқ.

РКС: Билік өкілдері ел аумағында, соның ішінде шалғай аймақтарда да осындай нысандарды ашуды жоспарлап отыр. Осылайша, мемлекет мүгедектігі бар жандар үшін берік негіз қалауды көздейді. Осы орталықтарға бару арқылы балалар сапалы білім алып, қоғамдағы өмірге бейімделе алады.


ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, НАИР ЗАХОВАЕВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар