Негізгі Жаңалықтар Облыс бойынша 13 мың бала бірінші сыныпқа барды

Облыс бойынша 13 мың бала бірінші сыныпқа барды


ДИКТОР: Бүгін - Білім күні. Ақмола облысының 13 мыңнан астам бүлдіршіні үшін алғашқы қоңырау соғылды. Осынау салтанатты шарамен оқушыларды құттықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова Көкшетаудағы 16-шы мектепке барды. Сәт-сапар тіледі. Биыл аймақ бойынша 116 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілсе, 10 білім ошағы толықтай жаңартылды. Оқу жылының алғашқы күні қалай басталды? Тілші айтсын. 

РКС: Білім – таусылмайтын байлық, өмірдің алтын кілті. Жаңартылған мектепте Білім күні салтанатты шарамен басталды. Бірінші сынып оқушылары үшін кабинет жасақталған. Ал бүлдіршіндер болса жаңа оқу жылында жылы лебіздерімен бөлісті.

ИНТЕРШУМ: Пусть Акмолинская земля становится ещё светлей. Пусть будет больше в ней добра, улыбок, счастья и детей. 

РКС: Биыл бұл мектепте 1137 оқушы білім алады. Соның 100-ге жуығы мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршін. Кез келген ата-ана үшін бұл күн ерекше толқынысқа толы сәт екені даусыз.  

СНХ: ҚЫМБАТ ҚАРЫМСАҚОВА, АТА-АНА: Менің қызым биыл бірінші сыныпқа барып жатыр. Мектептің жағдайына, ремонтына өте қуаныштымын. Қызым жаңа мектеп, жаңа біліммен… Алдағы уақытта енді мектепте оқуына ұзақ болатынына сенемін. Мұғалімдері де жақсы, біздің мұғаліміміз – шынар, сапалы. 

РКС: Биыл аймақта 10 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Соның бірі 16-шы мектеп. 1962 жылы қолданысқа берілген білім ошағы бір жылдың ішінде адам танымастай етіп өзгертілді. Кабинеттер, дәліздер, асхана мен спорт зал толықтай жаңартылды. Шағын ғана кітапхана заманауи кітап залы етіп жарақтандырылды.  

СНХ: НҰРЛАН МҰҚАЖАНОВ, №16 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мердігердің жергілікті болғаны бізге өте тиімді болды, бір жылдың ішінде жұмысты толығымен аяқтап берді. Коммуникация, кіре беріс, шатыр, терезелер, ішкі әрлеуі бәрі жаңартылды. Сондай-ақ жаңа үлгідегі химия, биология, физика, робототехника және инклюзияны қолдауға арналған 5 кабинет пайда болды. Барлық кабинет жаңартылды, жаңадан парталар сатып алдық. Асханаға да жаңа жиһаз жеткізілді. 

РКС: Мектеп ұжымына облыс әкімінің атынан технология кабинетін заманауи құрал-жабдықпен жарақтандыруға 15 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Бүгінде аймақта балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық технологиялар мен шешімдерге басымдық беріліп отыр. 

СНХ: ӘДІЛЕТ СЕМБІ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Біздің Ақмола облысындағы мектептерде Протектор AI атты бағдарлама жұмыс істейді. Ол бағдарламада бізде жасанды интеллекттің қосындысы бар. Әрбір бала мектепке кірер кезде бұл бағдарлама балаға анализ жасап, оның көңіл-күйіне өте жақсы назар аударады. Мысалы, бір бала екінші балаға буллингтік сәрекеттер жасайтын болса, 7 секундтың ішінде осы бағдарлама мектеп директоріне, мектеп директоры орынбасарына немесе психологқа ақпаратты беретін болады. Бұдан кейін осы баламен мамандар жұмыс жасау үшін. Бұл бізде енді балалардың қауіпсіздігінің ең бірінші орында тұрғанының көрсеткіші болып табылады.

РКС: Бүгін аймақтағы 518 мектепте жаңа оқу жылы басталды. Осылайша 140 мыңнан астам оқушы партаға отырды. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар