Мектепке нық қадаммен!
ДИКТОР: Жаңа оқу жылы қарсаңында Көкшетауда «Әділет» партиясының бастамасымен «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтті. Оның аясында бірінші сыныпқа баратын 16 бала мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтылды. Оқушыларға сөмке, кеңсе тауарлары және басқа да керек-жарақтар табысталды. Әлеуметтік аз қамтылған, және көпбалалы отбасыларды қолдауға басымдық берілген.
РКС: Мектеп жасындағы балалар мен олардың ата-аналары «Әділет» партиясының облыстық филиалына жиналды. Бұл күні 1-сыныпқа алғаш қадам басқалы отырған бүлдіршіндерге қажетті оқу құралдары табысталды. Белсенділер мен игі іске атсалысқан азаматтар балаларға сыйлықтарын ұсынып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
СНХ: АЛТЫН МҰСТАФИНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бүгін «Мектепке нық қадаммен» акция аясында 16 жанұяға әлеуметтік осал және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді. Қазақта мынадай сөз бар ғой, «Жас өспей ма, жарлы байымай ма» деген, бүгінгі осы 1-ші сыныпқа баратын оқушыларға көрсетіп отырған іс-шара - ертеңгі күні біздің болашағымыздың инвестициясы деп санауға болады.
РКС: Мектеп сөмкелерінің ішіне оқушыларға қажетті оқу құралының бәрі бар. Ата-аналар мұндай қолдаудың зор екенін айтады.
СНХ: ЕЛЕНА ВИШНЯКОВА, АТА-АНА: Биыл ұлым бірінші сыныпқа барады. Осындай шараға шақырғандары біз үшін күтпеген жағдай болды, әрі қуаныштымыз. Баламызға сөмке мен кеңсе тауарларын сыйға тартты. Алғысымыз шексіз!
РКС: Биыл облыс бойынша 12 мыңға жуық бала материалдық қолдауға зәру. Олардың дені республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қажетті көмекпен қамтылды. Акция қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға қайырымдылық ұйымдары мен демеушілер де атсалысуда.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ