Негізгі Жаңалықтар Көкшетауда түнгі жартылай марафон ұйымдастырылды

Көкшетауда түнгі жартылай марафон ұйымдастырылды


ДИКТОР: «Көкшетау жалыны» түнгі жартылай марафоны әуесқой және кәсіби жүгірушілердің үшінші рет басын қосты. Қатысушылар 5, 10 және 21 шақырымдық қашықтықтардың бірін таңдай алды. Жүгіруге ниет білдірушілер санының жыл сайын артуына байланысты жас спортшылар үшін алғаш рет 500 метрлік жеке қашықтық ұйымдастырылды.

РКС: Марафонға қатысушылардың бірі — астаналық Гүлім Есімбекова. Оған жанкүйер болып келген жұбайы мәреде күтіп тұрды.    

СНХ: ГҮЛІМ ЕСІМБЕКОВА, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен Астана қаласынан келдім. Көкшетау қаласында 10 км жүгіруге. 1 жылдай болып қалды, біз құрбы-қыздарымызбен осылай марафондарға қатысып жүргендерімізге. Енді Көкшетау қаласына үлкен рахмет, қонақжайлылығына, осындай керемет іс- шара өткізіп жатқандарына. 

РКС: Қатысушылардың арасында балалар да бар. Олар үшін арнайы 500 метрлік жарыс ұйымдастырылды. Артем Замятин үшін мәре сызығын кесіп өту – оның алғашқы жеңісінің қуанышты сәтіне айналды.

СНХ: АРТЕМ ЗАМЯТИН,МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ: Я прибежал первый на дистанции 500 метров. Я всё лето готовился к этому марафону. Я прибежал первый и я очень рад! Удачи! 

РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, кешкі жүгіріс қатысушыларға қаланы мүлдем жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді. Оны «түнгі жүгіріс» деп шартты түрде ғана атауға болады. Жарыс ымырт түсе, яғни Көкшетау кешкі шамдардың жарығымен жарқырай бастаған шақта басталады.

СНХ: ҚУАНЫШ ҚАРАУЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз Қазақстанда көптен бері өткізілмеген ерекше іс-шара ұйымдастырдық. Оның басты ерекшелігі – форматында, яғни түнгі марафон болғанында еді. «Көкшетау жалындары» деп аталған бұл шара түнде өтті, сөйтіп бізге қаланы, оның сұлулығы мен Көкшетаудың түнгі жарықтарын көрсетуге мүмкіндік берді. Мақсатымыз өзгеше атмосфера қалыптастыру болды. Әдетте марафоншылар таңғы сағат бесте немесе алтыда, қала ұйықтап жатқанда және көшеде тек қатысушылар ғана болған кезде жүгіреді. Ал бұл жолы біз Көкшетаудың жергілікті дәстүрін жағалауда серуендеп жүрген адамдар мен отбасылардың жарысты тамашалауға шығуын ескердік. Бұл өз кезегінде спортқа деген қызығушылықты арттыруға септігін тигізді.

 РКС: Бұл формат кәсіби спортшыларды, әуесқойларды және жас жүгірушілерді біріктіреді. Жартылай марафонның өзі Көкшетаудың спорттық өмірінің маңызды бөлігіне және қатысушылар үшін жыл сайынғы дәстүрге айналды.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар