Прокурорлар 3 млрд.теңгенің инвестициялық жобасын қорғап қалды
ДИКТОР: Ал Целиноград ауданында облыстық прокуратура қызметкерлері инвестордың құқығын қорғады. Компания 3 миллиард теңге салуды жоспарлап отырған ірі жоба инфрақұрылымдық кедергіге тап болған. Серіктестік өңірде фиброцемент панельдерін шығаратын өндірістік кешен салып жатыр. Онда 50 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Алайда нысан электрмен қамтамасыз етілмеген, сондықтан компания автономды генераторды пайдалануға мәжбүр болды. Инвестициялық жобаны Ақмола облысының прокуратурасы сүйемелдеуде. Құқық қорғау органдарының бастамасымен құны 58 миллион теңге болатын электрмен жабдықтау жобасы әзірленді. Мәслихат қажетті қаражат бөлді. Алдағы уақытта өндірістік нысан электр желісіне қосылады. Инвестициялық жоба мәселесі толық шешілгенге дейін облыс прокуратурасының қадағалауында болады.