Аймақта өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
ДИКТОР: Жылу беру маусымы жақындаған сайын тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселесі де өзекті бола түседі. Себебі бұл кезеңде жекеменшік секторда пеш пен электр құрылғыларын пайдалану жиілеп, өрт қаупі артады. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін өңірде профилактикалық шаралар күшейтіліп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
РКС: Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар да күшейтілді. Соның бірі – қауіпті жағдайды алдын ала ескертетін арнайы датчиктер орнату. Құрылғы түтін мен көміртегі тотығын анықтап, тұрғындарға дер кезінде дабыл береді. Соңғы бес жылда 12 мыңға жуық датчик орнатылған. Биылдың өзінде 80-ге жуық үй осындай құрылғымен қамтылды. Өрттің алдын алу мақсатында пеш мұржаларының қауіпсіздігі де тексерілуде. Жыл басынан бері 42 мұржа тазартылды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ДОСБОЛ ЖАҚСЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылар тұратын 9 мыңға жуық үй есепке алынды. Бірінші кезекте осы үйлерді қауіпсіздік датчиктерімен толық жабдықтаймыз. Соңғы бес жылда осы датчиктердің көмегімен шамамен 30 адамның өмірі құтқарылды. Былтыр түнгі уақытта датчиктердің дабылы бірнеше қарт адамды оятып, олардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
РКС: Әсіресе көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға және әлеуметтік осал топ санатындағы тұрғындарға басымдық берілуде. Қауіпсіздік шаралары Көкшетаудағы үйлерді де қамтыған. Солардың бірі – Ырысбай Ерденов. Жылу беру маусымының алдында пешті тазалап, жарамдылығын тексеріп отыратын тұрғын үшін мамандардың көмегі маңызды.
СНХ: ЫРЫСБАЙ ЕРДЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Пешті мен өзім жылына бір рет тазалайтынмын, түтін шыққанша дейін, октябрь айында пеш жағардың алдында бір тазалап аламын. Көп болса 1-2 шелек шығады, бірақ сонда да тарта беретін. Көмір аламыз. Қазір көмір де әртүрлі болады. Бұрын Қаражар алатынбыз, қазір ол да онша болмай жатыр, Шұбаркүл аламын. Осы үйді мен 1997 жылы алдым. Содан бері тұрып жатырмыз. Көмегі өте көп. Айтып кетеміз. Дабыл есікті ашыңдар, көршіге айтыңдар, үлкен, естияр адамдарға деп, дабыл қаққыш қойғаны өте жақсы болды.
РКС: Былтырғы жылу беру маусымында 325 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудың салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы 6 тұрғын түрлі жарақат алған. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында 2 мыңға жуық үйде профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ