Бірінші курсқа қабылданған 2 мың студент кәсіпорындардың тапсырысы бойынша білім алуда
ДИКТОР: Жаңа оқу жылында Ақмола облысының колледждері 6 мыңнан аса студентті қабылдады. Грант санының жартысынан көбі техникалық мамандықтарға берілген. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысының үштен бір бөлігі кәсіпорындардың тапсырысы бойынша бөлінген. Осылайша 132 компания түлектерге оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуға кепілдік береді.
РКС: Биылғы оқу жылында бірінші курсқа алты жарым мыңға жуық студент түсті. Олардың бес мың тоғыз жүзі мемлекеттік тапсырыс бойынша, яғни тегін оқиды. Диас Мырзахметов отбасылық әулетті жалғастыра отырып, техникалық бағытты таңдады. Әрине, мамандықты меңгеру үшін көп еңбектену керек. Оқу қызықты әрі көптеген жаңа дос табуға үлкен мүмкіндік,- дейді ол.
СНХ: ДИАС МЫРЗАХМЕТОВ, СТУДЕНТ: Біз колледжде көп тәжірибе жинаймыз. Қазақстанның түрлі қалаларына жібереді, сондай-ақ, техникаға қызмет көрсетуге, көлік жүргізуге және тағы басқа қажет дағдыларға үйретеді. Біз оқудың соңында B, C1 санатын алатын боламыз. Бірінші курстан бастап біз практикадан өтеміз. Сондай-ақ біздің колледжде астық сақтайтын қоймамыз бар: онда бидай, бұршақ және картоп бар. Осының бәрі студенттер жинауға көмектеседі, соның арқасында біз тәжірбие жинаймыз.
РКС: Жұмыс берушілердің қолдауымен өңірдің колледждері бес жүзге жуық білім беру бағдарламасын жаңартып қойды. Олардың негізіне халықаралық стандарттар мен еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптары салынған. Жекелеген мамандықтар бойынша шағын біліктілік енгізіледі. Бұл кәсіпорындар мен заманауи технологиялардың қажеттіліктерін ескере отырып, мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
СНХ: САЙРАН ШАБДАНОВА, КРАСНЫЙ ЯР КӨПСАЛАЛЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында және 2025-29 жылдарға арналған колледжімізді дамытудың стратегиялық бағдарламасына сәйкес бізде дәл егіншілік пен сандық технологиялар бойынша орталық ашу көзделіп отыр. Қыркүйектің 20-сынан кейін жоспарлап отырмыз. Қазір зертханада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал жабдықтарды жазда сатып алдық. Атап айтқанда, GPS-навигацияға арналған техника, Pix4D бағдарламалық қамтамасыз ету, содан кейін метеостанция, плоттер алынды.
РКС: Осылайша, өңірдегі колледждер кадрларды даярлау тәсілін өзгертті. Студенттер көбірек тәжірибе алып, еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи технологияларды игеруде. Айта кетерлігі, облыста 27 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы бар. Онда 19 мыңға жуық студент оқиды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ