Жылы аялдамалардың жағдайы сын көтермейді
ДИКТОР: Көкшетауда өткен жылы жылытылатын 17 аялдама павильоны орнатылды. Олардың басым бөлігі жолаушылар ең көп жиналатын орындарда — университеттер, колледждер, ауруханалар, мектептер, базар және теміржол вокзалы маңында орналасқан. Бізге қоңырау шалған тұрғындар аталған аялдамалардың жағдайы сын көтермейтінін айтып шағымданған еді. Мән-жайды тілшіміз анықтап көрді.
РКС: Былтыр Көкшетауда жаңа автобус аялдамалары орнатылды. Жергілікті тұрғындар мұны көптен күткен еді, өйткені бұған дейін облыс орталығындағы 283 аялдаманың тек біреуі ғана жылытылатын болатын. Аялдама павильондарының көпшілігі ескі әрі көлемді, яғни кеңестік кезеңнен қалған құрылымдар еді. Ал қазіргі таңда 145 аялдама кешені жаңартылып, олардың ішінде 128 жылытылмайтын және 17 жылытылатын павильон орнатылды. Алайда тұрғындар осы жылы аялдамалардың талапқа сай тазартылмайтынын және іші қоқысқа толып, нәжіс иісі мүңкіп тұратынын айтып шағымданды. Біз бәрін өз көзімізбен көріп, тұрғындармен сұхбаттастық. Олардың пікірлері де әр түрлі болды.
БЛИЦ ОПРОС
- Иә, кінә өзімізден де ғой. Қарамаймыз. Осыны бүлдіретін жастар ғой. арасында кірем осындай жел болғанда.
- Боранда, суықта ішіне кіріп, демалуға болады ғой.
- Бұл остановкалар күні түні ашық тұрады, оған өзге адамдар кіруі мүмкін. Сондықтан тиісуі мүмкін. Бұл остановкаларды күзетіп керегі жоқ, бірақ кейбір адамдар ойлауы керек, мұның бәрі еңбек адамдардың істегені деп.Үкімет осыған қаражат бөледі, адамдар сосын үкімет істемейді, акимат қайда қарап отыр деп жалоба жасайды.
РКС: Көкшетау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, бұл жобаға келісім-шарт аясында 300 миллион теңге жұмсалған. Олар жылы аялдамаларға жазу жазып, ішіндегі қаптаманы тесіп, бүлдіріп жатқандар жайлы хабардар, осындай тағылық әрекетке баратындарға тек тәртіп сақшылары ғана тыйым сала алады,-дейді.
СНХ: ЖАНҰЗАҚ ЕРКЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: Осы жылы аялдамаларды бұзу фактілері шынымен де анықталып отыр, сол жылы аялдамаларда камералар орнатылған, ол полицияның орталықтандырылған жүйесіне жіберілетін болады. Дегенмен осындай фактілер жалғасып келеді. жалпы бұл аялдамалардың ішін жуып, талазалайтын адам бар ма бекітілген? қала бойынша үш мекеме бар,. Көше желісін күтіп отыратын. Сол кісілер аялдамаларды жинап, күтіп отырады.
РКС: Биыл облыс орталығында 20 жаңа аялдама орнату үшін қалаға қосымша 50 миллион теңге бөлінді. Жауапты тұлғалардың айтуынша, оның 3 –уі жылытылатын павильон түрінде болады. Қазір жаңа аялдамаларға қатысты коммерциялық ұсыныстарды қабылданып жатыр. Оларды аялдамалар жетіспейтін және тұрғындар тарапынан сұраныс түскен аумақтарға орналастыру жоспарлануда. Мәселен, адамдар перзентхана маңында жылытылатын аялдама орнатуды сұрайды. Сондай-ақ Красный Яр елдімекеніне барар жолдағы саяжай аймағының тұрғындарынан да өтініштер түсті. Сонымен қатар, жаңа аялдамалардың техникалық сипаттамаларында мүгедектігі бар жандарға арналған тактильді құралдардың қарастырылуы талап етілмек.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ