Негізгі Жаңалықтар Жылу беру маусымы 1 қазанға дейін басталмақ

Жылу беру маусымы 1 қазанға дейін басталмақ


ДИКТОР: Елімізде жылу беру маусымына дайындық жалғасуда. Солтүстік және шығыс аймақтарында жылу беру маусымын 1 қазанға дейін бастау жоспарлануда. Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге жылу беру маусымы басталмас бұрын жөндеу жұмыстарының аяқталуын жеке бақылауға алуды тапсырды. Оның сөзінше, Степногорск, Семей және Петропавл қалаларында жылуды іске қосуға ерекше назар аудару қажет.

РКС: Степногорск қаласындағы жылу инфрақұрылымы ерекше бақылауда. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жылу желілерінің дайындық деңгейі 76 процентке жетті. Жұмыстарды 25 қыркүйекке аяқтау жоспарланған. Үкімет отырысында Олжас Бектенов барлық ағымдағы жөндеу жұмыстары уақытында аяқталуы тиіс екенін атап өтті.

СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Министрдің баяндамасында айтылды, бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған. Аталған өңір әкімдері жылу беру мәселесін тікелей бақылауға алсын. Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға баса назар аудару қажет.

РКС: Ақмола облысында жылу беру маусымын қыркүйек айының соңына дейін бастау жоспарлануда. Көкшетауда жылуды осы айдың 27-сінде іске қосу жоспарланған. «Көкшетау Жылу» ұйымының деректеріне сәйкес, әлеуметтік сала нысандары бірінші болып қосылады.

РКС: Қосшыда орталық қазандық пен жылу желілеріндегі негізгі жұмыстар аяқталуға жақын. Жабдықтарды ауыстыру жылу энергиясының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

СНХ: ӘДІЛЕТ АХМЕТОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта үшінші қазандықты ауыстыру жұмыстары толыққанды аяқталды. Қазандық жұмысына дейін осы жылдың сәуір айында жұмыстар басталған. Қазіргі уақытта жұмыстар толыққанды аяқтап, қазандықты іске қосуға дайынбыз.

РКС: Қалған екі қазандық пен қосалқы жабдықтардың жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Нысанда жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын 25-ші қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. 

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу