Негізгі Жаңалықтар Сахна сыртындағы өмір...

Сахна сыртындағы өмір...


ДИКТОР: Биыл Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына 30 жыл. Тетрдың шығармашылық тобы 8-ші қазанда басталатын жаңа мауысымға дайындалып жатыр. Репетиция, мәтін жаттау, образды сомдау — мұның барлығы сахна сыртындағы тынымсыз еңбектің бір бөлігі. Әртістердің жаңа маусымға дайындалу сәтін тілшіміз Евгений Варанкин тамашалап қайтты.

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Сахнада актер үшін әр секунд маңызды. Ал көрермен залға жайғасып, қойылым басталғанын күтіп отырғанда, сахнаның ар жағында қызу дайындық жүреді. Рөлге ену, репетициялар, грим, костюм және мәтінді қайталау... Бұл — көрерменге көрінбейтін сахна сыртындағы еңбек.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Биыл театр ұжымы үшін ерекше жыл. Қарашаңырақтың құрылғанына 30 жыл толып отыр. Мерейтой аясында бірнеше жаңа қойылым көрермен назарына ұсынылмақ. Қазір шығармашылық топ сол спектакльдердің бірін сахналауға қызу дайындық үстінде.

СНХ: МАНАРБЕК ҚЫДЫРБАЙ, Ш. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Биыл 30 жылдық қарсаңында біраз жоспарларымыз болған. Бірақ қаржылық кілеңсіздіктерге байланысты біраз жоспарларымыз жүзеге аспай қалды. Десе де, «Үмітсіз - шайтан» деген, үміт күтеміз. Тағы да жасап жатқан жоспарларымыз жүзеге асыруға тырысып жатқан дүниелеріміз көп. Қазіргі таңда 30 жылдықты атап өту мақсатында жаңа қойылымдарын дайындап жатырмыз. Дайындыққа кіріскелі бір ай болып қалды. Алдағы уақытта бұл қойылымдар көрерменге жол тартады деген ойдамыз. 

РКС: Қойылым басталардан бірнеше апта бұрын театрдағы дайындық жұмыстары қыза түседі. Әр актер өз кейіпкерінің мінезі мен болмысын ашуға тырысады. Бір қарағанда дайын көрінген спектакльдің артында талай сағаттық еңбек жатыр. Әр сөз, әр қимыл, әр эмоция бірнеше рет пысықталады. Театр әртісі Мейрамгүл Әпсәлам сахнадағы әрбір әрекетті барынша дәл жеткізу актерден үлкен дайындықты талап ететінін айтады.

СНХ: МЕЙРАМГҮЛ ӘПСӘЛАМ, Ш. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ: Репетицияда, болмаса қойылымның өзінде мимиканы қойса маған, оны 50-70 процент емес, 100 процент істеуге тырысамын. Одан қатты шаршап қаламын, шынымен. Көп репетициялардан кейін немесе қойылымнан кейін бірақ ол өзі бір жүйеге келеді. Менің басымда солай. Жалпы өміріміздің өзі, театрлық өмірдің өзі өте қызық ғой. Бірақ сыртта қызық көргенімен іште өте ауыр. Театрда бастан аяқ, мысалы басында бір оқиғамен байланысамын да, оны шегіне дейін жеткізу, театрда бірақ дубль береді. Осы екі сағатта ойнап шығу керексің. Ал кинода қазір жеткізе алмай қалсам, стоп деп сөндіре саламын да, қайтадан көремін. Сөйтіп ең үздігін ғана алады. Ал бұл жерде екінші шанс жоқ. 

РКС: Қойылымның сәтті шығуына режиссер мен актердің бірлескен жұмысы да маңызды. Кейіпкердің мінезін ашу, сахнадағы қозғалысты нақтылау, серіктеспен диалогты үйлестіру — дайындықтың негізгі кезеңдері. Қазір шығармашылық топ италияндық Эдуардо Скарпеттаның пьессасын қоюға қызу дайындық үстінде. Режиссер үшін басты міндеттің бірі — ұжымға жаңа стильді меңгерту.

СНХ: БААТЫРБЕК ШАМБЕТОВ, РЕЖИССЕР: Театрдың 15 әртісі ойнап шығады. Қиыншылық – сол стильді меңгеру жайында болып жатыр көбінесе. Біз көптен бері психологиялық театрдың үлгісінде жұмыс істейміз, Станиславскийдің «Школа переживания». Енді бұл жерде жаңа стильді, тәсілді меңгеріп жатырмыз. Қиыншылық осы жерде болып жатыр. Осы жылы қазақ театрына 100 жыл толып отыр. 1926 жылы ашылған театр. 100 жылда қазақ театры үлкен жанрларды игеріп келе жатыр. Қазақстандық режиссерлер шетелге барып, өздерінің өнерлерін паш етіп, үлкен гран-прилерді, үлкен додаларда, фестивальдарда театр қауымдастығына көрсетіп келе жатыр. 

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Қойылымға санаулы күнр қалғанда сахна сыртындағы қарбалас тіпті күшейеді. Бірі костюмін реттесе, енді бірі рөлін қайталайды. Ал кейіпкеріне енуге тырысқан актер үшін бұл — жауапты сәт. Театрда 10 жылдан бері қызмет атқарып жүрген актриса Қарлығаш Абдрахманова үшін әр қойылым – жаңа ізденіс пен шығармашылық тәжірибе.

СНХ: ҚАРЛЫҒАШ ӘБДІРАХМАНОВА, Ш. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ:/ Кез-келген қойылым – ол бір саяхат сияқты. Ең бірінші танысасың, режиссермен танысасың ол шақырылған режиссер болса. Кейін шығарманың өзімен, автормен. Режиссер таңдаған бір әлеммен, атмосферамен танысасың. Содан кейін ғана образды реттей бастайсың. Оның дайындығына бір ай, бір жарым айдай кетеді. Әр қойылымның өз қиындығы бар. Бірақ сонысымен қызық. 

РКС: Айта кетейік, театрдың жаңа маусымының ашылуы оның белгілі актрисасы Жібек Бағысованың туған күнімен тұспа-тұс келеді. 8 қазан күні актриса «Он екінші күн» қойылымында өнер көрсетеді. Осылайша театрдың 30 жылдық мерейтойы жаңа маусыммен жалғасып, көрерменге жаңа қойылымдар ұсынылмақ.

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Сахнадағы бірнеше күндік қойылымның артында актердің еңбегі, режиссердің ізденісі, театр мамандарының тынымсыз жұмысы тұр. Көрермен сахнадағы дайын дүниені көргенімен, сол өнердің дүниеге келу жолы перденің ар жағында басталады. Бұл — көрерменге көрінбейтін, бірақ театр өнерінің ажырамас бөлігі — сахна сыртындағы өмір.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу