«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау өтті
ДИКТОР: «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бәйгеде өзге этнос өкілдері қазақ тілінде сөйлеу шеберлігін көрсетіп, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін сынады. Биылғы байқауға Ақмола облысының түкпір-түкпірінен 10-ға жуық қатысушы жиналды. байқаудың биылғы ерекшелігі, қатысушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейімен қатар, жасанды интеллект технологияларын тиімді әрі шығармашылықпен қолдану шеберлігіне де баға берілді.
РКС: Байқау 2 кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде қатысушылар өздерін жасанды интеллект технологияларының көмегімен таныстырды. Бұл кезеңде олардың өзін еркін ұстауымен қатар, заманауи технологияларды қолдану шеберлігіне де баса назар аударылды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: КАРИНА ГУЛАКОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: (ЦЕЛИНОГРАД): Мен Шалқар ауылынан келіп отырмын. Бауқауға бірінші рет қатысуым. Байқаудың негізгі шарттары мында жасанды интьеллект арқылы, балаларды қазақ тіліне шақыру. Қазіргі балалар көбінесе орыс тілді ғой. орысша үйреніп кеткен. Және ИИ-ді дұрыс қолданыла алмайды. Сондықтан біздің мақсат балалар өз тілін, өзінің шыққан тегін білу қажет деп санаймын.
СНХ: ИННА ИВАЛИЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:(ҚОРҒАЛЖЫН) Жобаның тақырыбы «Қазақ тілін үйретуде тиімді әдістер 24/7» оқушыларыма өз жобамды ұсынамын. Менде 5 тиімді әдіс бар. Ол мысалы күн сайын 1 сөз айтамыз, келесі күні 1 сөйлем, келесі күні сұрақ қоямыз, диолог құраймыз. Сол арқылы балалар тез үйренеді.
РКС: Келесі кезеңде қатысушылар өз жобаларын қорғап, «Мемлекеттік тілді меңгерудің негізгі жолдары» тақырыбында ұсыныстары мен жобаларын ортаға салды. Ішінен үздік жоба атанып 1-ші орынды Атбасар қаласының намысын қорғаған, түрік ұлтының өкілі Зарина Ахметова иеленді. Ол ағылшын пәнінің мұғалімі бола тұра қазақ тілін жетік меңгерген. Оған қоса бүгінде 6 тілде еркін сөйлейді.
СНХ: ЗАРИНА АХМЕТОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:(АТБАСАР): Мен өзімнің жобамда қазақ тілін ересектерге, жасөспірімдерге және балаларға қалай үйреттім, соны көрсеттім. Сол жобаның нәтижесінде 5 жаңа әдіс-тәсілдер ойлап табылды. Жобамның негізгі мақсаты қазақ тілін күнделікті өмірде ғана қолданып қоймай, қазақ тілін іс жүзде қолдану. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, әр бір ұлт өкілі қазақ тілінде сөйлеу керек, қазақ тілін сезіну, қазақ тілнде түсіну және білу керек деп ойлаймын.
РКС: Байқау қорытындысы бойынша 2-ші орынды Целиноград ауданының үмітін арқалап келген Карина Гулакова иеленді. Ал үшінші орын бұландылық Рахимат Бекболатоваға бұйырды. Алайда бұл бәйгенің басты жеңімпазы қазақ тіліне деген құрмет пен оны үйренуге деген ықылас. Өзге этнос өкілдерін бір арнаға тоғыстырған байқау мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызын айқындап, тілге деген құрметтің ұлтқа бөлінбейтінін көрсетті.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ