Ауыл шаруашылығына арналған жасанды интеллект жобалары таныстырылды
ДИКТОР: Көкшетауда Demo Day AgriTech AI Hackathon ақтық кезеңі өтті. Онда ауыл шаруашылығына арналған жасанды интеллект негізіндегі тың шешімдер алға тартылды. Әзірлеушілер өз жобаларын сарапшылар мен шара қонақтарына таныстырды. Хакатонның ақтық кезеңі аумақтық IT-хаб Aqmola хабының үш жылдығы шеңберінде үйымдастырылды. Технологиялық кәсіпкерлік, жасанды интеллект және аграрлық сектордың тәжірибелік міндеттері бір бағдарламаға тоғысты.
РКС: Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары тауықтардың ауруларын ерте анықтау жүйесін ойлап тауыпты. Бұл қатысушылардың құс шаруашылығына қызығушылығынан туындаған идея. Оның негізінде жасанды интеллект және құстардың жағдайын көрсететін бірнеше сараптамадан тұрады. Жүйе сыртқы және мінез-құлық белгілерін, сондай-ақ дене қызуын есепке алады, сол арқылы ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді.
СНХ: АРМАН ҚҰЗАЙЫРОВ, АНАСТАСИЯ СКЛЯРОВА, БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕУШІЛЕРІ: ErtiCore деп аталатын жобамыз — бұл құстардың, оның ішінде тауықтардың денсаулығы скринингіне арналған. Біз олардың ауруларын ерте анықтаймыз және бұл құстардың тобырын сақтап қалады және олардың жаппай қырылуына жол бермейді. Менің ата-анам Зеленый Борда тұрады. Онда Қазақстандағы ең ірі құс фабрикасы орналасқан. Ол танымал болғандықтан, маған да таныс тақырып. Сондықтан біз осы құстарды таңдап алдық. Ауруды үш өлшем бойынша: дене қызуы, физиологиялық ерекшеліктер және мінез-құлқына қарап анықтауға болады.
РКС: Екінші жоба ауыл шаруашылығы алқаптарын сандық мониторингке бағытталған. Жоғары техникалық колледжінің студенті Сұлтан Айдын өзінің командасымен егіс даласының жағдайын бағалайтын қосымшаны ойлап тапқан. Жүйе жасыл өскін, ылғал деңгейі мен түрлі ауытқышылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл диқаншыларға жедел түрде егіс алқаптарын бақылауға және мәселе туындайтын учаскелерге көңіл бөлуге көмектеседі.
СНХ: АЙДЫН СҰЛТАН, БАҒДАРЛАМАНЫ ӘЗІРЛЕУШІ: Бұл қосымшада Ақмола облысының барлық егістік алқаптары мен индексі кһрсетілген. Мысалы, мына индекс алқаптың жасыл бөлігін, ал мына индекс өсімдіктердің ылғалы көрсетеді. Хакатон туралы колледжде естіп, білдім. Біз жедел түрде үш адамнан тұратын команда жасақтадық. Екеуміз бағдарламаны әзірледік. Ал үшіншіміз графикалық дизайнмен айналысты.
РКС: ұйымдастырушылар қазіргі кезде ауыл шаруашылығында жасанды интеллектіні қолдануға қызығушылық артып келеді дейді. Дәл осындай алаңдар жас бағдарлама әзірлеушілеріне өзінің идеясын тәжірибе жүзінде іске асыруға көмектеседі.
СНХ: ӘСЕЛ ӘБДІРАХМАНОВА, «AQMOLA HUB» ӨҢІРЛІК IT-ХАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл шара біздің үш жылдығымызға арналған. Осы уақыт аралығында біз 26 дан астам команданы жинадық. Бүгінгі демо-күнге 15 команда келді. Балалар өздерінің агро саласындағы IT-шешімдерін көрсетіп жатыр. Хакатонның биылғы жүлде қоры 1 миллион теңге. Бұл тұңғыш рет болып тұр. Бізді Digital Aqmola облыс әкімшілігімен бірге қолдап отыр.
РКС: Конкурс қорытындысы бойынша Данил Мирошниченконың «Tanap AI» жұмысы бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші - Мирас Шамшидовтың Dan AI жобасы, үшінші орында – Аңсар Қайырбек пен Самат Аблайханның Qagro жобасы. Енді үздік жобалардың авторларына алдағы уақытта өздерінің әзірлеген бағдарламаларын аграрлық салада жүзеге асыру ғана қалады.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ