Өңірде кене энцефалитінің 6 жағдайы тіркелді
ДИКТОР: Жыл басынан бері 912 адам кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10 процентке көп. Эпидемиологтардың айтуынша, бұған күннің ерте жылынуы мен өңірде қардың тез еруі себеп болған.
КЕСТЕ МӘТІНІ: Зардап шеккендердің 245-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың барлығы дер кезінде медициналық көмекке жүгінген. 614 адам профилактикалық мақсатта иммуноглобулин алған. 254 жағдайда иммуноглобулин қажет болмаған, себебі кене эндемиялық емес аумақта шаққан. Ал тағы 14 жағдайда серопрофилактика жүргізілмеген, өйткені кенелер энцефалит вирусын тасымалдаушы болмаған. 13 адам медициналық көмекке 3 тәуліктен кеш жүгінген. Тағы 13 адам иммуноглобулин салдырудан бас тартқан.
КЕСТЕ:
КЕНЕ ШАҒУЫНЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ – 912
БАЛАЛАР 245
ИММУНОГЛОБУЛИН АЛҒАНДАР 614
ЭНДЕМИЯЛЫҚ ЕМЕС АУМАҚТА ШАҚҚАН 254
ЭНЦЕФАЛИТ ВИРУСЫН ТАСЫМАЛДАМАЙТЫН КЕНЕЛЕР 14
3 ТӘУЛІКТЕН КЕЙІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНГЕНДЕР 13
ИММУНОГЛОБУЛИН САЛДЫРУДАН БАС ТАРТҚАНДАР 13
СНХ: ҒАЛЫМБЕК АЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Кене шағу жағдайларының ең көп саны Бурабай ауданында. Онда 253 жағдай тіркелген. Көкшетауда 250, Сандықтау ауданында 169 және Зеренді ауданында 86 жағдай тіркелді. Зертханалық мәліметтерге сәйкес, бізде кене энцефалитінің 6 расталған жағдайы тіркелді. Бурабай, Сандықтау аудандарында және Көкшетау қаласында екі-екі жағдайдан. Сонымен қатар, Ол Сандықтау және Бурабай аудандарында кене боррелиозының 2 жағдайы тіркелді..
РКС: Кене энцефалитіне қарсы 303 адам екпе алды. Қазір өңірде шамамен 150 доза вакцина бар.
СНХ: ҒАЛЫМБЕК АЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ең алдымен кене энцефалитіне қарсы жоспарлы вакцинация ауыл шаруашылығына тартылған адамдарға, сондай-ақ кәсіби қызметіне байланысты шөлейт және орманды аймақтарда тікелей жұмыс істейтін азаматтарға жүргізіледі. Олардың саны бізде 300 адам. Сондай-ақ, облыстың эндемиялық аумағы Сандықтау ауданы екенін атап өткім келеді. Эндемиялық аумақ дегеніміз, кене энцефалитін жұқтыру қаупі жоғары өңір.
РКС: Мамандардың айтуынша, кенеден қорғануға болады. Орманды және далалы аумақтарға барған кезде жабық киім кию қажет. Табиғат аясынан келген соң денені мұқият тексерген жөн. Үй жануарларын да ұмытпаған абзал, оларды да кененің бар-жоғына тексеру керек. Облыста халық көп жиналатын демалыс орындарында профилактикалық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл оның алғашқы кезеңі сәуір айында өтті, екінші кезеңі 10-12 қыркүйек аралығында жүргізілді. Жыл сайын өңделетін аумақтың жалпы көлемі 99 гектар.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ