Негізгі Жаңалықтар Аймақ басшысы аудан тұрғындарымен кездесті

Аймақ басшысы аудан тұрғындарымен кездесті


ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Атбасар ауданында болды. Оның барысында аймақ басшысы тұрғындармен кездесіп, егін жинау науқанының қорытындысы, шаһарды дамыту және жаңа әлеуметтік нысандарға қатысты мәселелерді талқылады. 

РКС: Атбасар ауданының диқандары өңірде егін жинау науқанын алғашқылардың бірі болып аяқтады. 400 мың гектарға жуық алқаптан 630 мың тоннадан астам астық жинады. Биыл егістік құрылымын біршама өзгертіп, майлы дақылдар алқабын үш есеге ұлғайтты. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жоғары өнімділікті сақталды. Биылғы қаржыландыру көлемі 19 миллиард теңгеден асты.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Атбасар ауданы — біздің аймақта ең бірінші болып осындай бидай өнімдерін жинауды аяқтаған өңір, оның ішінде бір жақсы нәтиже көрсеткен азаматтар бар, қожалықтар бар. Соған сіздерге де сол жағынан үлкен алғыс білдіргім келеді. Қазіргі таңда, маған мәлімет бергенде, жалпы өнім 16 центнер жиналып жатқан. Оның 90 проценті — өте сапалы, тауарлы астық, жаңағыдай High-Pro, басқа да сияқты осындай өнімдер. 

РКС: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер әлеуметтік саладағы ауқымды өзгерістермен нығайтылуда. Қала құрылысы орталығының ұсынымдары бойынша Атбасарда спорт сарайын салу жоспарланып отыр. Ауданаралық ауруханада заманауи МРТ аппаратын орналастыруға арналған қосымша ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын. Кадр тапшылығы да біртіндеп шешілуде. Биыл ауданға 22 жас дәрігер келді. Олардың әрқайсысына 8,5 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Педиатриялық бөлімше де күрделі жөндеуден өтті. Мұнда науқастарға арналған палаталар мен санитарлық тораптар жаңартылып, инженерлік желілер жетілдірілді. Осылайша, аурухана кешені кезең-кезеңімен жаңғыртылып, науқастар мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұдан бөлек, алдыңғы кездесуімізде Сочинское ауылын дәрігермен және жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету мәселесі көтерілген болатын. Бұл мәселе де шешілді. 

РКС: Аумақты дамытудың қисынды жалғасы көлік инфрақұрылымын жаңғырту. Биыл жолдарды жөндеуге 900 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. «Атбасар – Сочинское» тас жолының 14,6 шақырымы жөнделді. Сондай-ақ Сочинское ауылының ішіндегі көшелер мен жолдарды жөндеу жұмыстары қатар басталды. Есеп беру жиынынан кейін облыс басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу