Мәслихаттың сессиясында кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция, цифрландыру мәселелері көтерілді
ДИКТОР: Облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы 33-ші сессиясында кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялар тарту, индустриялық аймақты дамыту, барлық саланы цифрландыруға көшіру мәселелері күн тәртібіне қойылды. Сондай-ақ депутаттық сағатта қаралған өңірдің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары, тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы мәслихат шешімдерін депутаттар бір ауыздан қолдап, дауыс берді.
РКС: Биыл өңірге 520,9 миллиард теңгенің инвестициясы тартылған. Оның 437 миллиард теңгесі жеке меншікке тиесілі. 3 мың жұмыс орнын қамтыған 392 миллиард теңгенің 158 инвестжобасы іске асырылуда. Облыста 132 мың адамды қамтыған 6 мыңнан астам шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істеп тұр. Олардан бюджетке түскен салықтың көлемі 200 миллиард теңгеден асқан. Барлығы 31 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Алайда инженерлік инфрақұрылыс бойынша әлі де шешімін күткен мәселелер бар. Құрылысы басталып, аяқталмай қалған жобаларға қатысты әлі де құжаттар толық рәсімделмеген.
СНХ: АСХАТ АХМЕДЬЯНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Басты назар индустриалдық аймақтарды құруға байланысты аударылып отыр.Облыста республикалық маңызды Ақмола аймағы және үш өңірлік аймақ Көкше-Индастри, Степногор және Қарағай индустриялық паркі жүзеге асырылып жатыр. Ақмола аймағы 2 мың 105 гектарды алып жатқан ірі индустриалдық аймақ. Бұл жерде 6 мың тұрақты жұмыс орнын қамтыған 2,2 триллион теңгенің 23 жобасы жүзеге асырылып жатыр.
РКС: Бүгінде ауыл шаруашылығы саласын цифрландырудың кешенді шаралары жүзеге асып жатыр. Өңірде 5,6 млн гектар алқап сандық жүйеге көшкен. 200 компания нақты жер өңдеумен айналысып жатыр. 49 смарт ферма тіркелген. Денсаулық сақтау саласы да цифрландырылуда. Жасанды интеллектті қолдану арқылы облыстық ауруханасы инсультке қатысты 1500 зерттеу жүргізіп, Атбасар аудандық ауруханасында 500-ден астам адам осы дертке қатысты тексерістен өткен. «Жаңа ОмниМама» пилоттық жобасы арқылы әйелдердің сүт безі қатерлі ісігіне диагностика жасау жұмыстары сәтті жүргізіліп жатыр.
СНХ: МАҒЖАН ЕРЖАН, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МҰРАҒАТТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл жүйенің негізіне ақпараттық-сараптама жүйесі кіреді. Смарт Ақмолада бірыңғай сараптамалық платформаны енгізгелі жатырмыз. Бұл үш деңгейді: деректер, сараптама және жасанды интеллектті біріктіреді. Солардың негізінде біз басқару шешімдерін құрамыз.
РКС: Сессияда өңірдің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу, құрылысы толық аяқталып, берілетін нысандардың тізбесін бекіту, тұрғын үй қорын реновациялау туралы мәслихат шешімдерін депутаттар бір ауыздан қолдап, дауыс берді. Сондай-ақ,сессия соңында жергілікті мәслихат төрағалары мен депутаттарға «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медальдары табыс етілді.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ