Негізгі Жаңалықтар Сарқырама өзенінің жағалауы тазартылды

Сарқырама өзенінің жағалауы тазартылды


ДИКТОР: Қосшы қаласында экологиялық бастамалар тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында тағы бір ауқымды шара өтіп, оған жүздеген тұрғын, студенттер мен волонтерлер қатысты. 

РКС: Тазалау жұмыстары негізінен Сарқырама өзенінің жағалауында жүргізілді. Қатысушылар тазалық жұмыстарына қажетті құрылғыларды алғаннан соң бірден аумақты қоқыстан тазартуға кірісіп кетті. Жиналған қоқысты жедел шығару үшін арнайы 7 техника жұмылдырылды.

СНХ: АЗАМАТ ҚАПЫШЕВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Таза Қазақстан» республикалық акциясы бұл өзі бір халықаралық бастамасына қолдау көрсететін ауқымды эко-мәдени шара. Президентіміз атап өткендей, тазалық бен тәртіп — ортақ жауапкершілігіміз. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау — ол біздің адами парызымыз. 

РКС: Сенбілікке 400-ге тарта адам қатысты. сего в субботнике приняли участие около 400 человек. Оның басым бөлігі жастар. Мектеп оқушылары, студенттер мен волонтерлер ерекше белсенділік танытты. Қатысушылар мұндай акциялар табиғатты тазартумен қатар, қоршаған ортаға мейлінше ыждаһаттық танытуға үйрететінін айтуда. 


СНХ: МӨЛДІР ДҮЙСЕМБАЕВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл осы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында шаһарда жүзеге асатын сенбіліктердің және акциялардың саны өте көп болды. 1000-нан асатын қатысушылармен екі мәрте тазалық акциясы өткізілсе, "Жасыл ел" жастары осы Қосшы қаласы бойынша екі ай, екі маусым жұмыс жасап, күнделікті 150 каптан қоқыс жинады.

РКС: Акцияға қатысушылар пластикалық құтыдан бастап тұрмыстық қалдықтарға дейін жинап, оны бірден сұрыптады. Сенбілік барысында 40 тонна қоқыс жиналды. Аталған шара «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық бастамасының бір бөлігіне айналды. Айта кетейік, Қазақстан бұл бастаманы 4 жыл қатарынан қолдап келеді. 

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу