Негізгі Жаңалықтар Пробациялық есепте тұрғандарға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілді

Пробациялық есепте тұрғандарға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілді


ДИКТОР: Пробациялық есепте тұрған адамдарға кешенді құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілді. Көкшетауда кезекті рет «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Мемлекеттік орган өкілдерінің кеңесін жүзден аса адам алды. 

РКС: 15 мемлекеттік органның өкілдері қатысушыларға жұмысқа орналасу, қарыздарды өтеу, банк шоттарын ашу, медициналық және заң көмегін алу мәселелерін анықтауға көмектесті. Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға ерекше назар аударылды.

СНХ: ҚУАНДЫҚ КӨКЕН, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Іс-шараның басты мақсаты — адамдарға заңдарды жай ғана түсіндіру емес, олардың нақты өмірлік мәселелерін шешуге практикалық көмек көрсету. Акцияға ішкі істер органдарының есебінде тұрған және пробациялық бақылаудағы шамамен 100 адам қатысты. Олар жұмысқа орналасу, әлеуметтік төлемдер, құжаттарды қалпына келтіру және басқа да құқықтық мәселелер бойынша жеке кеңес алды. Адамның кеңес алып қана қоймай, қайда жүгіну керектігін және қандай қадамдар жасау қажеттігін түсінуі маңызды. Мұндай іс-шаралар адамдарға қоғамға бейімделуге және қайта құқық бұзушылық жасамай, жаңа өмір бастауға көмектеседі.

РКС: Жыл басынан бері 260-тан аса жазасын өтеп бостандыққа шыққан азамат жұмысқа орналасты. Бұл санаттағы азаматтар үшін ай сайын бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі, ал ірі кәсіпорындарда квота бойынша жұмыс орындары қарастырылған. Бұл ретте, бейінді ведомствода атап өткендей, азаматтардың басым бөлігі босатылғаннан кейін бейресми жұмысқа орналасады. Нәтижесінде адам зейнетақы төлемдерінсіз және әлеуметтік кепілдіктерге толыққанды қолжеткізе алмайды. 

СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Негізгі проблемалар олардың құжаттарының, тіркеуінің жоқтығы, несиелерінің болуы. Несие тарихының нашарлығынан олар бизнес аша алмайды. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын, кеңестер береміз. Қандай қолдау көрсете аламыз - көрсетеміз. Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққаннан кейін оларға жолдама береді, ол бізге келуі тиіс. Біз жұмыс, оқыту нұсқаларын ұсынамыз.

РЗК: Әрбiр жағдайда қолдау жеке болады. Айтуларынша мамандар азаматтарға барлық қажетті мәселелерде көмектеседі. 

СНХ: ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТ: Мен тіркелу мәселесі бойынша көмек сұрап келдім. Маған Көкшетау қаласындағы емханаға тіркелу керек еді. Бұрын мен Степногорскіде тіркеуде болғам. Бұл мәселе енді шешілді.

РКС: Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробациялық бақылауда тұрған адамдар үшін мұндай іс-шараларға қатысу әлеуметтік бейімделудің және қоғамдағы толыққанды өмірге оралудың бір бөлігі. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу