Негізгі Жаңалықтар «Осенний листопад» туристік слеті өтті

«Осенний листопад» туристік слеті өтті


ДИКТОР: Бурабай ауданында «Осенний листопад» атты ашық аймақтық туристік слет ұйымдастырылды. Үш күн бойы жүзден астам қатысушы көпсайыс форматындағы туристік жарыста бақ сынап, спорттық кедергілерден өтті. Бұл шара Дүниежүзілік туризм күніне орай өткізілді. 

РКС: Әр командада 6 адамнан жасақталған. Оның біркуә нәзік жанды. Барлық спортшы жарыстың алдында медициналық тексеруден өтті. Одан соң командалар жас ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөлінеді. Жарыстың ең жас қатысушысы 11 жастағы Владислав Синьковский. 

СНХ: ВЛАДИСЛАВ СИНЬКОВСКИЙ, «КЛАДБИНСКАЯ ОШ» КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ): Спорттық туризммен айналысамын. Бұл сала өте қызық. Өзге командалармен жарысқан өте әсерлі.  

РКС: Командалық жарыстар үш спорттық бағыт пен сайыс бағдарламасын қамтыды. Кейбір командалар үшін бұл алғашқы жарыс емес. Қатысушылар тәжірибе жинақтауды жалғастырып, нәтижелерін жақсартуға ұмтылуда.

СНХ: ИСЛАМ ІЛИЯСОВ, «СТЕПНЫЕ» КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ (СТЕПНОГОРСК): Бізге бәрі өте ұнап жатыр. Әзірге мұндай шараға алғаш қатысуымыз, бірақ, мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әрі қарай жаттыға береміз. Білгенімізді көрсетумен шектеліп қалмай, нәтижеге жұмыцс істеп, белгілі бір жетістікке жету басты мақсатымыз.  

РКС: Биыл алғаш рет жекелей қашықтыққа кәсіпқой спортшылармен қатар қатысуға ниет білдірген әуесқойлар да қатыса алды. Ұйымдастырушылар туризмнің белсенді түрлерімен айналысуға адамдарды мейлінше көбірек тарту мақсатында осы тәжірибені алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отыр. Бұл ретте командалық жарыстарға қатысушылардың басым бөлігінің тәжірибесі бар.

СНХ: ЕВГЕНИЙ ЕФРЕМОВ, БАС ТӨРЕШІ: Командалардың барлығы тактика, техника және табиғи кедергілерден өту шеберлігі бойынша жарысты. Айта кетерлігі, биыл әр жас санатында кемінде алты команда бақ сынады. Бұл біз үшін өте жақсы көрсеткіш. Өйткені қатысушылардың дені аз да болса тәжірибе жинақтаған жас спортшылар. Шын мәнінде, біз аймақтық команда құрамын әрқашан осы жарыстардың нәтижесіне сүйене отырып қалыптастырамыз. Сонымен қатар, бұл ірі турнирлерге қатысар алдындағы техникалық шеберлігімізді шыңдауға көмектесетін маңызды кезеңдік жарыстың бірі. 

РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар спорттық қашықтықта және командалық жұмыста жоғары шеберлік танытты. Жарыс соңында үздіктердің есімі анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Ересектер арасында Ақмола облысының «Фирн» командасы бірінші орынды иеленді. Жасөспірімдер санатында Петропавл қаласынан келген «Северный ветер» командасы жеңіске жетті. Ал жігіттер арасында Көкшетаудың «Синегорье-Әулет» командасы үздік атанды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу