Негізгі Жаңалықтар Еуропалық үлгідегі киім-кешек жәрмеңкесі өтіп жатыр

Еуропалық үлгідегі киім-кешек жәрмеңкесі өтіп жатыр


ДИКТОР: Ақмола облысында сән мен талғамды ұштастырған еуропалық үлгідегі киім-кешек пен аяқ киім жәрмеңкесі өтіп жатыр. Көкшетау, Щучинск қалалары мен Зеренді ауданының тұрғындарына арналған жәрмеңкеде маусымға сай сыртқы киімнің сан алуан үлгісі мен аяқ киімнің түр-түрі ұсынылған. Сапалы тауарды қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік беретін шарада кей өнімдерге 80 пайызға дейін жеңілдік жасалған. 2 күнге жалғасатын жәрмеңке сәнге мән беретін тұрғындар үшін тиімді сауда алаңына айналмақ. Жәрмеңке келушілерге тағы қандай тосынсый мен тиімді ұсыныстар әзірледі? Тілші материалында.

РКС: Көкшетауда күздің лебі сезіле бастады. Күннің салқындауы жылы киімге деген сұранысты да арттыра түскен. Осыған орай Көкшетау қаласында еуропалық үлгідегі сыртқы киім мен аяқ киім жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұнда маусымға сай сәнді әрі сапалы киімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар,-дейді жәрмеңке ұйымдастырушылары.  

СНХ: ОЛЕГ ЗОЛОТАРЁВ, КОМПАНИЯ МЕНЕДЖЕРІ: Экономикалық қиындықтарға байланысты ТМД елдерінің аумағында еуропалық брендтердің сыртқы киімі мен аяқ киімін сататын мыңға жуық дүкен жабылды. Осыған байланысты қалған тауарлар мен соңғы өлшемдерді ТМД елдерінің барлығында, соның ішінде Қазақстанда да, 70-80 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатуға шешім қабылданды. Мұнда барлық маусымға арналған сыртқы киімдер ұсынылады. Атап айтқанда, желден қорғайтын, қысқа арналған, сондай-ақ демисезондық сыртқы киімдер мен «аляска» үлгісіндегі киімдер, және аты аңызға айналған фин және норвегиялық аяқ киімдер бар. Алайда бір ерекшелігі, өлшемдер саны шектеулі. Барлығына бірдей жетпеуі мүмкін. Бір үлгінің бір ғана өлшемі болса, келесі үлгінің басқа өлшемі болуы ықтимал. Яғни тауар саны шектеулі және әр үлгі жеке-жеке ұсынылады.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Бірі жаңа киімнің түр-түсін таңдап болса, енді бірі саудасын жасап үлгерген. Жәрмеңкеге келген тұрғындар мұндағы үлгілердің сан алуандығы мен тауар сапасына оң бағасын беруде. Әр жастағы тұтынушыға арналған киім мен аяқ киімнің түр-түрін табуға болады. Сонымен қатар, әр маусымға лайықталған сәнді әрі қолайлы бұйымдар ұсынылған.

СНХ: ОРАЛ ҚАЛИҰЛЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Сапасы өте жақсы екен. Келіңіздер, алыңыздар. Сатып алып отырмыз. Тамаша. Рахмет. 

РКС: Әр үлгі шектеулі мөлшерде ұсынылған. Сондықтан сатып алушыларға өзіне ұнаған киім үлгісі мен қажетті өлшемді дер кезінде таңдап үлгеру маңызды. Ал тауарды сатып алу үшін қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға болады. Бұдан бөлек, келушілерге қолайлы болуы үшін бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Жәрмеңке Ақмола облысының бірден 3 елді мекенінде қатар ұйымдастырылуда. Көкшетау қаласында сауда алаңы Әуелбеков көшесі, 127 мекенжайында, Назарбаев даңғылы аялдамасының жанында орналасқан. Зерендіде жәрмеңке Тәуелсіздік көшесі, 50 мекенжайындағы бұрынғы дәріхана ғимаратында өтуде. Ал Щучинск қаласында сауда орны Әуезов көшесі, 81А мекенжайында, бұрынғы «Шоколадница» дүкенінде орналасқан.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу