Негізгі Жаңалықтар Электр моторлы су трамвайлары қоғамдық көлік ретінде іске қосылды

Электр моторлы су трамвайлары қоғамдық көлік ретінде іске қосылды


ДИКТОР: Бурабайда жаңа қоғамдық эко-көлік ретінде судағы электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды. Су трамвайлары пилоттық кезеңде «Айнакөл» мен «Бөлектау» және «Кенесары үңгірі» станциялары арасында қатынайды. 

РКС: Жоба аясында Айнакөл маңында аралық автотұрақтар ашылып, демалушылар жеке көлігін сыртта қалдыра алады. Судағы қатынас жолы арқылы автокөлік жүктемесін азайту көзделген.

СНХ: САТТАР МҰТАЛХАНОВ, КӘСІПКЕР: 400 автокөлікке арналған тұрағымыз бар. Келген саяхатшылар осында көліктерін қойып, Бурабай демалыс аймағын туристік аймағын көлік трамвайлар арқылы аралауына, көруіне болады. Ең басты мәселе мұндағы ұлттық парк аймағындағы көлік қозғалысын азайту барынша.

РКС: Жаңа су көлігі толығымен электр қуатымен жұмыс істейді. Демек, ауаны да, көлді де отын қалдықтарымен ластамайды. Бурабайға келген демалушылар жаңа қоғамдық көлікті қызықтап мініп, Бөлектау көру алаңы мен Кенесары үңгіріне жету үшін белсенді пайдаланып жатыр. 

СНХ: МАДИНА ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ, ТУРИСТ: Негізі Бурабайға көп автокөліктер келеді және моторлы, майлы қайықтар өте көп қазіргі таңда. . мұндай электрмоторлы қайықтар көргеніме өте қуаныштымын. Өйткені, табиғатқа деген зияны аз.және біздің табтғатымызды қорғау керек деп ойдамын. 

СНХ: НҰРҒАЗЫ БЕКТҰРҒАН, ТУРИСТ: Су травмайы деп аталады екен. Жаңадан ашылған екен, керемет. Бөлектаудан, Кенесары ханнан түсуге болады. Өте тиімді, ыңғайлы. Ол тоқпен жүреді екен, ауаны ластамайды, экологияға жақсы. 

РКС: Әзірге туристер үшін 15 су трамвайы қызмет көрсетуге дайын. Келесі жылы олардың санын арттырып, 30-ға жеткізу жоспарланып отыр. Демек, маршруттары да кеңейеді. 2027 жылы Бурабай көлінде дәстүрлі жанармаймен жұмыс істейтін су көліктерін шектеу қойылатын болса, электрмоторлы трамвайларға деген сұраныс артатыны сөзсіз. 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу