Негізгі Жаңалықтар Кітап оқитын ұлт: 21 ғасырдағы көкше әдебиеті

Кітап оқитын ұлт: 21 ғасырдағы көкше әдебиеті


ДИКТОР: Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт: 21 ғасырдағы Көкше әдебиеті» атты әдеби-сараптамалық кездесу, шығармашылық диалог және ашық микрофон форматындағы әдеби іс-шара өтті. Оған қатысқан жергілікті қаламгерлер мен әдебиет сүйер қауым кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жайлы өз ойларын ортаға салып, өлеңдер, шығармадан үзінділер оқыды. 

РКС: Кездесу барысында 21 ғасырдағы Көкше әдебиетінің даму бағыттары, қазіргі оқырман талғамы, әдебиеттің өзекті тақырыптары, жас қаламгерлер шығармашылығы және кітап оқу мәдениеті кеңінен сөз болды. Іс-шара «Қаламгерлермен жүздесу», «Бір өлең-бір әлем», «Жазушының бір кітабы», «Оқырман сұрағы- қаламгер жауабы» деген бөлімдерден тұрды. Еркін сұхбат алаңында жергілікті ақын-жазушылар қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері, кітап оқудың маңыздылығы жайлы ой толғап, жастардың сұрақтарына жауап берді.

СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Біздің негізгі ойымыздың қалыптасуына, адам болып қалыптасуымызға, өзіміздің болмысымызды қалыптастыруға бізге кітап оқу үлкен әсер еткенін айтып кетуіміз керек. Сол уақытта ғалымдар, ұлы тұлғалар көп болды деп жатамыз, өйткені олар кітап оқумен, газет-журнал өмірдің өзін оқумен қалыптасқан тұлғалар болатын. 

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жастарға айтамын, кітап оқу керек, кітап үлкен рухани азық.кітап ой-өрісіңді кеңейтеді. Кітап адамды қалыптастырады, айналайындар, кітап мінез-құлқыңның қалыптасуына, ертең жоғары биікке талпынғанда сол кейіпкерге ұқсап, болсам екен дегеннің бәрі де кітапта тұр

РКС: Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында бірқатар іс-шаралар жоспарын жасап, бекітіп қойыпты. Басты мақсат, оқырмандар қатарын көбейту, кітап оқуға құмар жандардың басын біріктіру.  

СНХ: НҰРГҮЛ ЖАНБОЛАТ, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Кітап оқитын зияткер» осы бөлім бойынша арнайы бұрыш ашып қойдық. Осы жерге кітапхана қорындағы орыс және қазақ тіліндегі барлық кітаптарды топтастырдық, насихаттап жатырмыз, клуб аштық «Buk club» деген, оның ашылуы 2-қазанда болады, сол жерде Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты кітабын талқылайтын боламыз. Сол арқылы оқырмандардың кітапқа құмарлығын арттыру мақсатында жүргізетін басқа да жұмыстарымыз бар 

РКС: Бүгінгі әдеби іс-шара аясында «Ақмола өңірінің әдеби картасы» таныстырылды. Онда Көкше өңірінен шыққан ақын-жазушылардың шығармашылығы мен әдеби мұрасы жинақталған. Оны кез келген оқырман кітапхананың сайтынан тауып, ашып, көре алады. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу