Щучинскідегі өрттің салдарынан 2 адам қаза тапты
ДИКТОР: Щучинск қаласында жекеменшік тұрғын үй өртеніп, екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тәртіп сақшылары оның оқыс оқиға емес екенін айтуда. Үйдің қасақана өртелнегі анықталды.
РКС: Қайғылы оқиға Щучинск қаласында жекеменшік секторда орын алды. Өрт шыққан жерге төтенше жағдай қызметі жеке құрамының 16 адамы және 4 техника жетті. Қызыл жалын 90 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде және үйінділерді тазарту кезінде өрт сөндірушілер 1968 жылы туған ерлі-зайыптының мәйітін тауып алды.
СНХ: ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: По факту пожара в городе Щучинскіде орын алған өрт салдарынан екі адам қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды. 39 жастағы жергілікті тұрғынның үйді өртегені алдын ала анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
РКС: Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері қайғылы жайттың барлық мән-жайын анықтауда.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ