Ауданда белсенді ұзақ өмір орталығы ашылды
ДИКТОР: Щучинск қаласында Белсенді ұзақ өмір орталығы ашылды. Қала орталығында орналасқан жаңа кеңістік жүз адамға шақталған. Бұл – Бурабай ауданында аға буын өкілдерінің қарым-қатынас жасауына, демалуына және білім алуына арналған алғашқы мамандандырылған нысан. Мұнда егде жастағы тұрғындар бос уақытын өткізіп қана қоймай, спортпен шұғылданып, цифрлық дағдыларды меңгеріп, түрлі іс-шараларға қатыса алады.
РКС: Щучинск тұрғындары үшін орталықтың ашылуы маңызды оқиға болды. Енді аға буын өкілдерінің қарым-қатынас жасап, белсенді демалуына арналған өз кеңістігі бар. Алғашқы келушілердің бірі - «Енді немересі атасын «зейнеткерлер балабақшасына» апаратын болады», - әзілдеп айтады.
СНХ: ОРАЗКЕН НҰРТАЗИН, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қаламыз жыл сайын көркейіп келетінін байқаған шығарсыз. Германиядан достарым келеді, олар қаланы танымай қалады. «Бұл қалай, Щучинск пе?» деп таңғалады. Бүгін ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Мұнда келуге жиналып жатқанмын, ең кіші немерем бірінші сыныпқа барды. «Ата, қайда бара жатырсыз?» дейді. Мен: «Зейнеткерлерге арналған балабақша ашылып жатыр, сонда барамын» дедім. «Ата, мен енді Сізді апарып жүретін боламын ба?» дейді. «Енді мені сен апарып, кейін осы жерден алып кетіп жүресің» дедім. Өте қуаныштымыз, аудан әкімі Арай Садықов бастаған командаға алғысымызды білдіреміз.
РКС: Аға буын үшін қарым-қатынас пен бос уақытты тиімді өткізудің жаңа мүмкіндіктерімен қатар, көңіл бөлу мен қолдау да маңызды. Щучинск тұрғындарының айтуынша, бүгінде өңір ардагерлеріне бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.
СНХ: ВАЛЕНТИНА ШМАТКОВА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін қаламызда үлкен мереке. Еңбек ардагерлеріне, егістікте, фермаларда, фабрикалар мен зауыттарда еңбек еткен адамдарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мұның бәрі аға буын өкілдеріне қатысты. Мемлекетке де, аудан басшылығына да үлкен алғысымызды білдіреміз. Ардагерлерімізге өте үлкен көңіл бөлінеді. Екі жылдан бері қалалық автобустарда тегін жүру мүмкіндігін пайдаланып келеміз. Екі жылда бір рет шипажайларда тегін сауықтырудан өтуге мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар, Қарттар күніне орай ардагерлердің бір бөлігі материалдық көмек алады. Бұл өте жақсы. Осыған ұмтылдық. Бүгін осындай орталықтың ашылғанына қуаныштымын әрі басшыларымызға алғыс айтамын.
РКС: Орталыққа келген әр адам спортпен айналысып, цифрлық дағдыларды меңгеріп, өзіне ұнайтын іспен шұғылдана алады. Сұранысқа ие бағыттың бірі еңбек терапиясы.
СНХ: НАТАЛЬЯ НИКИТИНА, ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ:
Бұл жерде зейнет жасындағы адамдарға арналған үйірме ашылды. Үйде жалғыз отырғысы келмейтін, уақытын пайдалы өткізгісі келетін, жаңа нәрсе үйреніп, өз дағдыларымен бөліскісі келетін жандарға арналған. Кезінде көп адамның қандай да бір шығармашылықпен айналысуға уақыты жетпеген болуы мүмкін. Ал мұнда олармен бірге жұмыс істеп, араласып, тәжірибемен бөлісе аламыз.
РКС: Орталықта үстел ойындары, яғни шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан турнирлер өткізіледі. Келушілерге бейімделген дене шынықтыру, буын гимнастикасы, йога және скандинавиялық жүріс ұсынылады. Сондай-ақ, компьютер сыныбы бар. Мұнда зейнеткерлер смартфонды пайдалануды үйреніп, электронды мемлекеттік қызметтерді меңгеріп, киберқауіпсіздік негіздерімен таныса алады. Аудан әкімдігінің айтуынша, басты мақсат – орталықты аға буын өкілдерінің тұрақты түрде бас қосып, белсенділік танытатын орнына айналдыру.
СНХ: АРАЙ САДЫҚОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Ғимараттың жалпы ауданы 480 шаршы метр. Ғимаратта үстел ойындары, қолданбалы өнер залдары, акт залы, сондай-ақ психолог кабинеті бар. Жоба аясында 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бурабай ауданында 13 мың 600-ден астам зейнеткер бар. Оның 9 мың 400-і Щучинск қаласында тұрады. Бұл ұзақ өмір сүру орталығы бір мезгілде 100 келушіге дейін қабылдай алады.
РКС: Алдағы уақытта орталықта спорттық, білім беру және шығармашылық іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Өңірде қарт адамдарды қолдауға арналған инфрақұрылым кезең-кезеңімен дамып келеді. Белсенді ұзақ өмір орталықтары облыстың барлық ауданында ашылады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ