«Өр Алтай – түркілердің атамекені» ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
ДИКТОР: Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» тақырыбында ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Оған бауырлас түркі мемлекеттерінің және Ресей, Болгария, Германия, Швеция сияқты барлығы 12 елдің тарихшылары, түркітанушылары мен археологтары және тіл білімінің мамандары қатысуда.
РКС: Алқалы жиынның бүкіл түркі дүниесінің тарихын, мәдениетін және археологиялық мұрасын зерделеуде атқаратын стратегиялық және ғылыми маңызы зор. Әсіресе, жаһандану заманында бауырлас халықтардың мәдени-рухани тұтастығын, ортақ құндылықтарын сақтап, өскелең ұрпаққа насихаттау қажет,-дейді ғалымдар. Сонымен қатар Алтай аймағындағы соңғы қазба жұмыстарының нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу бағытында ұсыныстар айтылды. Мәселен, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев Шығыс Қазақстаннан табылған ежелгі түрік қағанының бейнесін зерттеуді қолға алған.
СНХ: ЗЕЙНОЛЛА САМАШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Сол ескерткіштердің негізінде түркі халықтарының сол кездегі көне түркілердің мемлекеттілігінің қалыптасуы, оның мәдениетінің қалыптасуы, содан кейін оның діни нанымдары деген сияқты көптеген мәселені осы бір ескерткіштің негізінде шешуге болады екен.+скл. Өйткені, осыған дейін осындай кешендер тек қана Орхон бойында ғана табылып, зерттелген болатын.
СНХ: ЕРКІН ӘБІЛ, ТАРИХШЫ: Түрік тілдерінің шығу тегі, арғы шығу тегі, қалай қалыптасты және де Алтай тілдік жанұясы бұл тек қана жалғыз түрік тілдері емес, манжур тілдері, моңғол тілдері қаншалықты оның жақындығы бар. Бүгін ең белгілі осы мәселемен айналысатын ғалымдар бүгін бізде Бурабайда.
РКС: Конференцияда түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі сөз болды. Ғалымдар ежелгі түркілердің металлургияны меңгеруі, атты қолға үйретуі, әскери өнері мен мемлекеттік жүйесі туралы зерттеулерін алға тартып, баяндамалар жасады. Игі шара аясында түркі тілдес елдердің жетекші ғылыми орталықтары арасында ортақ оқулықтар, энциклопедиялар мен карталар әзірлеу туралы келісімдерге қол қойылмақ.
СНХ: КЕСЁ ОСМАН, ТҮРКИЯЛЫҚ ҒАЛЫМ: Менің зерттеулерім 18-ші ғасырдағы Түркістан, оның саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы туралы. Түркістан деп Орталық Азияны атаймыз. 200-300 жыл бойы осы өңір халықтарына көптеген шабуылдар жасалды. Аман қалуының өзі қиын болған уақытты өткерді бастарынан. Сондықтан соңғы 30 жылды қайта өркендеу заманы деуге болады. Мен Еуразия университетінде қызмет еттім. Әр келген сайын елдің шарықтап дамып жатқанын көріп, қуанамыз, мақтан тұтамыз.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ