Бүгін - Дүниежүзілік жүрек күні
ДИКТОР: Жыл басынан бері жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратындар саны үш есеге жуықтады. Бүгінде қан айналымы жүйесінің аурулары халық денсаулығына төнетін басты қауіптің бірі. Осындай аурулардың қауіптілігі мен олардың алдын алу шаралары туралы бүкіл әлемді хабардар ету мақсатында жыл сайын 29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі.
КЕСТЕ МӘТІНІ: Жүрек ауруларының ішінде ең көп таралғаны, артериялық қан қысымының жоғары болуы. Өңірде мұндай жағдайдың 5 жарым мыңнан астам дерегі тіркелген. Тағы 1600-ден астам адамда жүректің ишемиялық ауруы анықталған. Сондай-ақ, дәрігерлер ми қан айналымының бұзылуына байланысты цереброваскулярлық ауруларды тіркеп отыр. Олардың да саны 1600-ден асады. Бұдан бөлек, ми қан айналымының жедел бұзылуының 564 жағдайы және миокард инфарктісінің 226 жағдайы тіркелген.
КЕСТЕ:
ҚАН АЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ — 29,3%
АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫ — 5691 ЖАҒДАЙ
ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ — 1601 ЖАҒДАЙ
ЦЕРЕБРОВАСКУЛЯРЛЫҚ АУРУЛАР — 1610 ЖАҒДАЙ
ИНСУЛЬТ — 564 ЖАҒДАЙ
МИОКАРД ИНФАРКТІ — 226 ЖАҒДАЙ
РКС: Марат Қапаров 5 жыл бойы ентігу белгілерін елемей келген. Бір күні аялдамада есінен танып, құлап қалғанға дейін дәрігерге қаралмаған. Мамандарға ұзақ уақыт бойы жүгінбеуінің себебін ауру белгілеріне аса мән бермегенін айтады. Қазір Марат Қапаров өзін әлдеқайда жақсы сезінеді. Жақында науқасқа ота жасалып, кардиостимулятор орнатылды.
СНХ: МАРАТ ҚАПАРОВ, ЕМДЕЛУШІ: Қазір қан айналымым жақсы, бәрі дұрыс. Тұрып, баспалдақпен көтеріліп көрдім. Бұрын демігіп, көтеріле алмайтынмын. Ал қазір көтеріліп жүрмін, ештеңе жоқ, ентігу болмайды, бәрі жақсы. Дәрігерлер бақылап жүр. Түнде де келіп, жағдайымызды қарап, бақылауда ұстайды. Қазір емдеу шаралары аяқталуға жақын, жазылып шығатын уақыт та келді. Жақында ауруханадан шығару керек. Жалпы, дәрігерлерге ризамын, өте ризамын. Қуаныштан басқа айтарым жоқ.
РКС: Бүгінде өңір дәрігерлері аз инвазивті операцияларға басымдық беріп отыр. Олардың кейбірі сан артериясы арқылы, үлкен тіліктер жасамай-ақ жүргізіледі. Мұндай тәсіл хирургиялық араласудың жарақаттылығын азайтып, науқастың оңалу кезеңін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
СНХ: ДӘУРЕН МАЗБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОХИРУРГІ: Аз инвазивті араласудың кардиохирургиялық операциядан айырмашылығы, мұнда тамырлар арқылы қолжетімділік жасалады. Яғни біз барлық өткізгіштер мен қажетті құралдардың барлығын тамырға жасалған кішкентай тесік арқылы енгізіп, жұмыс жүргіземіз. Соған сәйкес, мұндай емнен кейін науқастардың оңалу кезеңі де кардиохирургиялық операциядан кейінгі кезеңге қарағанда әлдеқайда жылдам өтеді. Себебі, кардиохирургияда ашық операция жасалады, яғни негізінен хирургиялық жолмен кең көлемде қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
РКС: Соңғы 2 аптада жүрек орталығының қабылдау бөліміне 210 адам жүгінген, олардың 140-ы ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, ауруға тән белгілер пайда болған кезде бірден медициналық көмекке жүгіну маңызды. Өйткені уақытылы көрсетілген емдеу кейінгі оңалу үдерісін едәуір жеңілдетіп, ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік береді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ЕЛДОС ЖӘРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ