Негізгі Жаңалықтар Тұрғындар қала көшелеріндегі қоқыс үйінділеріне алаңдаулы

Тұрғындар қала көшелеріндегі қоқыс үйінділеріне алаңдаулы


ДИКТОР: Көкшетау тұрғындарын қоқысты бей-берекет тастау мәселесі алаңдатып отыр. Қала көшелері мен тұрғын үй аулаларында қоқыс үйінділері пайда болып, кейбір аумақтарда күрделі экологиялық мәселе туындауда. Белгіленбеген орындарда тұрмыстық қалдықтардың жиналып қалуына қатысты қандай шаралар қолға алынып жатыр? Тілші айтсын.

РКС: Қала тұрғындары үйлерінің маңында қоқыстың жиналып қалуына шағымдануда. Олардың айтуынша, көшелердің кейбір бөліктері бей-берекет қоқыс үйінділеріне айналған. Көкшетаулықтар осыған алаңдаулы. 

БЛИЦ: 

— Осы қаланың ортасында тұрсақ та, осы мусор мәселесі бізде қиын болып тұр. Өйткені жаз бойы көктемде шабылған ағаштардың қалдықтары, бұтақтары, әлі суық алдында жатыр. Ешқайда ешқайда шығарылмайды. Оның астында строительный мусор, мысалы ремонт істеген адамдардың бәрі кеп, түсіріп мусор төгеді. Оны шығарылмайды. Мына мусорлардың бәрінде біздің қасымызда бір столовая үйіміз бар. Соған келген тамақтың қалдықтарын бәрін олар отдельно бөліп-бөліп салмайды да, ыдысқа, целлофанға. 

—Контейнеры переполнены, собаки раздирают там пакеты, даже рядом с контейнерами бывают там ветки, деревья, ветки, там всё складывают, мебель, мусор — всё что угодно там, в принципе. Всё это захламляет просто практически.

РКС: Тұрмыстық қалдықтарды жою ережелерін жауапсыз тұрғындар ғана емес, сонымен қатар оны тазалауға жауаптылар тарапынан да бұзылады. Жыл басынан бері рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жоюға қатысты уақытылы шаралар қабылдамағаны үшін лауазымды 89 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СНХ: ЕРСҰЛТАН ҚАНБАТЫРОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРОРЫ: Оның 13-і Ақкөл ауданында, басым бөлігі Көкшетау қаласында, сондай-ақ Целиноград, Зеренді аудандары мен Степногорск қаласында. Сонымен бірге облыстағы елдімекендердің аумағында тұрмыстық қатты және құрылыс қалдықтарының заңсыз үйінділері де анықталды. Біздің тапсырмамыз бойынша 67 үйінді жойылды. 

РКС: Кей аумақтарда қоқыстың жиналуы өрттің шығуына себеп болды. Қалдықтар жанған кезде ауаға ластаушы заттар бөлінеді. Ол ең алдымен қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін. Осылайша, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады.

СНХ: ГҮЛНӘЗ ТҰЙҒЫНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Мұндай орындарды анықтау үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясымен бірлесіп спутниктік мониторинг жүргізіледі. Ол өз кезегінде қалдықтардың орындарын уақытылы анықтауға және оны жою жұмыстарын бақылауға мүмкіндік береді. Спутниктік түсірілімдер аймақта рұқсат етілмеген 273 қоқыс төгетін орынды анықтады. Оның 247-і жойылды. Осылайша, рұқсат етілмеген қоқыс төгетін орындар мәселесі кешенді шешімді талап етеді. 

РКС: Мамандардың айтуынша, аймақта рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына негізгі себеп – қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған ресми полигондардың жеткіліксіздігі. Осы мақсатқа бөлінген 130 жер телімінің бестен бір бөлігінің ғана қажетті рұқсат құжаты бар. Ал кейбір аудандарда заңдастырылған мұндай нысандар мүлдем жоқ.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, НАИР ЗАХОВАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу