Негізгі Жаңалықтар Қызмет алушылар күнінде азаматтардың құқығын қорғауға басымдық берілді

Қызмет алушылар күнінде азаматтардың құқығын қорғауға басымдық берілді


ДИКТОР: Көкшетауда «Қызмет алушылар күні» өтті. Қалалық емхананың алаңында мемлекеттік органдардың мамандары тұрғындарға денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларына қатысты мәселелер бойынша кеңес берді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне баса назар аударылды. Сондай-ақ, мамандармен тікелей жүздесуге келген тұрғындар көмек алу кезінде кездесетін қиындықтар туралы айтты. Тілші баяндасын. 

РКС: Лариса Уманская емханаға келген сәтінде зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жандар үшін стоматологиялық көмектің қолжетімділігі мәселесін көтерді. Бұрын мұндай қызметті Назарбаев даңғылындағы орталық стоматологиялық емханада көрсетілетін. Қазір ол мекеме жұмыс істемейді, сондықтан тегін немесе жеңілдікпен емделу үшін қайда бару керектігін білмейтінін жеткізді. 

СНХ: ЛАРИСА УМАНСКАЯ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Дәрігерлердің қайда кеткенін немесе жұмысорны бойынша қайда ауысқанын анықтай алмадым. Кейбіреулер олардың жеке клиникаларға кеткенін айтады. Қалай болған күнде де біз сияқты зейнеткерлер не істеуі керек? Бұрын сол емханада жеңілдіктер қарастырылған еді. I топтағы мүгедектігі бар жандар тегін емделетін. Ал енді қайда барамыз? Бұл қызметті қайдан ала аламыз? Менің ұлым Денис I топтағы мүгедек. Бұл мәселе шешіледі деп үміттенемін. Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жандар үшін стоматологиялық көмектің қайта қалпына келтірілгенін қалаймын. Өйткені жеке клиникаларда емделу өте қымбатқа түседі. Ұлыма тегін дәрі-дәрмек алу үшін орталық емханаға келген едім. Сәті түсіп, барлық қызмет бір жерге жиналған уақытқа дәл келіп қалыппын.

РКС: «Қызмет алушылар күнін» ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Тұрғындар дәл осы күні мамандармен тікелей кездесіп, кей мәселелерге түсініктеме ала алады. Бұл жерде олар кеңес алып қана қоймай, сонымен қатар назар аударуды қажет ететін мәселелерді де көтереді. Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылатынын атап өтті. 

СНХ: АСЫЛ ЖҮНІСОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі құқықтарының сақталуына жеке еңбек шағымдарының емес, жалпы проблемалардың түбегейлі шешілуіне ерекше мән береді. Мәселен, қаржытан жүргізілген мемлекеттік тексерісінде ақпараттық жүйелерде орналасқан құқықтардың әсерімен емханаға тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтен бөлшектелген азаматтардың проблемасы халыққа жеткізілген. Тағы бір нақты мысал, қиын өмірлік жағдайға тап болған азамат өзіне тағайындалған әлеуметтік төлемді мүмкіндігімен кездеспей департаментте жұмыс істеу болатын. Оның шағымы барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларының бұзылғанын анықтап, азаматқа қосымша 393 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындап, оның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

РКС: Мамандар Ақмола облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі екенін айтады. Департамент қызметкерлерінің жұмысы азаматтардың арыз-шағымдарына жауап берумен ғана шектелмейді. Заңды жүйелі түрде бұзу деректерін де анықтайды. Мұндай кездесулер тұрғындардың мамандардан тікелей кеңес алуына, өзекті мәселелерді айқындауға және қажетті көмек алу үшін қайда жүгіну керектігін білуіне мүмкіндік берері сөзсіз. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу