Негізгі Жаңалықтар Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда


ДИКТОР: Бұланды ауданының құқық қорғаушылары оқушылардың ата-аналарымен кездесті. Шараға қатысқан прокуратура мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ата-аналармен бірге балалардың қауіпсіздігі мәселесі кеңінен талқылады. Мамандар балалардың араласатын ортасын, сондай-ақ олардың әлеуметтік желілер мен хабарлама алмасу қосымшаларындағы мінез-құлқын қадағалаудың қажеттілігі туралы айтты. Сонымсен бірге баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге дер кезінде ден қоюдың маңыздылығына тоқталды. Жиналғандар жасөспірімдердің заңсыз әрекеттерге қатысу қаупі мәселесін де көтерді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мұндай кездесулер ата-аналарға дабылды уақытында байқауға және балаларын жасырын онлайн қауіптерден қорғауға көмектесетінін атап өтті.

СНХ: ДАНИЯР АҒАЙДАР, БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Басты назар кәмелетке жасы толмағандардың қауіпсіздігіне, балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алуға аударылып отырғанын айтқым келеді. Сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымы мен оларды тұтынудың, кәмелетке жасы толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері де күн тәртібінен түскен емес. Аудан аумағында орын алған жол-көлік оқиғаларын ескере отырып, жолдардағы балалар қауіпсіздігіне, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және ата-аналар тарапынан бақылауды күшейту қажеттілігіне ерекше мән беріледі. Аудандық прокуратура кәмелетке жасы толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналар мен ұстаздардың және құқық қорғау органдары арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл қажет екенін атап өтті. Бұл бағыттағы алдын алу және түсіндіру жұмыстары жалғасуда.


Бөлісу