Негізгі Жаңалықтар Облыста 12 мыңнан астам жаңа бос жұмыс орны ашылды

Облыста 12 мыңнан астам жаңа бос жұмыс орны ашылды


ДИКТОР: Жыл басынан Ақмола облысында 12 мыңнан астам жаңа бос жұмыс орны құрылды. Басым бөлігі тұрақты жұмыс орындары. Дәл осындай нәтижелерге инфроқұрылымдық жобаларды жобаларды қолға алу мен агроөнеркәсібін қолдау және азаматтарды бизнес саласына белсенді тарту арқылы қол жеткізілді. Деседе, жалаң есептің артында жай ған статистика емес, жұмыс таба алмаған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған нақты жұмыстар мен мемлекеттік қолдау көрсету тетіктеріне енгізілген жаңа, қатаң талаптары тұр.

РКС: Қоныс аударушыларға берілетін мемлекеттік қолдау тәртібі өзгерді. Енді біржолғы төлемдер мен коммуналдық қызмет ақысына берілетін өтемақылар жұмысқа орналасып, жаңа өңірде бірнеше ай тұрғаны расталғаннан кейін ғана төленеді. Сондай-ақ, қандастарға 7 миллион теңгеге дейін тұрғын үй сертификаты беріледі. Ал түрмеден босайтын азаматтармен мансап орталықтарының мамандары олар бостандыққа шықпай тұрып-ақ, жұмыс істей бастайды. 

СНХ: ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз қандастар мен этникалық қазақтар үшін әр айдың 6-сы күні Ашық есік күнін өткіземіз. Кездесу зум платформасы арқылы ұйымдастырылады. Оған білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары сияқты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. Кездесулерде зейнеткерлік жасқа қатысты сұрақтар жиі қойылады. Сондай-ақ, біздің құзыретімізге тікелей кірмейтін, бірақ Қазақстанға қоныс аударуға байланысты жүргізуші куәлігі, «Отбасы банкі» қызметтері мен шағын несие алу мәселелері бойынша да көптеген сауал түседі.

РКС: Өңірде жұмыссыздықты азайту мақсатында әлеуметтік осал топтағы азаматтардың әлеуметтік портреті жасалды. Басым санатқа кіретін 1700 адамның 90 пайыздан астамы бүгінде жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер үшін де рәсімдер жеңілдетілді. Енді мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдау квотасы Enbek.kz платформасы арқылы автоматты түрде есептеледі. Ал келесі жылдан бастап елімізде жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін цифрлық жұмыспен қамту қызметі іске қосылады.

СНХ: ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінде облыс бойынша басым санатқа жататын жұмыссыздардың саны 1703 адам. Олардың қатарында білімі жоқ немесе тек мектеп және техникалық біліммен шектелген азаматтар, еңбек өтілі жоқ адамдар. Сондай-ақ, 6 айдан астам уақыт жұмыссыз жүрген және соңғы жұмыс орнындағы жалақысы 400 мың теңгеден төмен болған азаматтар да бар. Айта кету керек, біз бүгінде Отбасының цифрлық картасы арқылы осы азаматтардың тізімін толық зерделеп, нақты жұмыстар жүргіздік. Жасанды интеллект технологияларына негізделген проактивті цифрлық жұмыспен қамту қызметі қазір Павлодар облысында жұмысын бастады. Алдағы жылы қаітар айының 1-нен бастап, бұл жүйе еліміздің барлық өңірінде енгізіледі.

РКС: Айта кетейік, өңірде жұмыспен қамту саласын цифрландырумен қатар, «Кедейліксіз ауылдық округ» пилоттық жобасы да жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында әрбір отбасымен жеке жұмыс жүргізіледі. Мамандар тұрғындарға өз кәсібін ашуға, мемлекеттік гранттар алуға қолдау көрсетіп, олардың мемлекеттік әлеуметтік көмекке тәуелділіктен шығуына жағдай жасайды. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАК, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу