Негізгі Жаңалықтар Тұрақты жұмыстың арқасында әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 50%-ға қысқарды

Тұрақты жұмыстың арқасында әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 50%-ға қысқарды


ДИКТОР: Ақмола облысында тұрақты жұмыс тапқан азаматтардың саны артып, мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың қатары соңғы 7 жылда 50%-ға қысқарды. Бүгінде өңірдегі 245 ауылдың 125-інде мемлекетке қол қусырып отырған жанұя мүлдем жоқ. 

РКС: Бір жыл бойы атаулы әлеуметтік көмек алып келген Златополье ауылының тұрғыны Меруерт Мертасова бүгінде жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. «Бизнес бастау» жобасына қатысқан ол қайтарымсыз грант қаржысына техникалық қызмет көрсету орталығын ашты. Қазір жолдасы көліктің ақауын жөндесе, өзі кузовтың кем-кетігін түзеп, бояп үйренген. 

СНХ: МЕРУЕРТ МЕРТАСОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Бурабай ауданына каръерный центрына алғысымды айтқым кеп отыр. Қайтарымсыз грантқа оқуына қатыстырды. Бағытты сілтеді. Қазір бұл СТО отбасымыздың табысы. Айына 10-15 машина істейміз. 

РКС: Көз нұры кетіп, көруі нашарлаған көкшетаулық Салтанат Кенжеғарина бірнеше жылдан бері тұрақты жұмыс таба алмай қиналған. Көпбалалы, әрі жалғызбасты ана 5-6 жыл бойы атаулы әлеуметтік көмек алып, отбасын асырағанын айтады. 

СНХ: САЛТАНАТ КЕНЖЕҒАРИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бес жыл бойы асп оформлять етіп, «Мансап» орталығының арқасында жақсы жұмыс тауып, өзімді жақсы жұмысқа орналастырды. Қазіргі жағдайым жақсарды. Әлеуметтік көмек офромлять еткеннің өзінде жұмыстарды істеп жүргем, бірақ нақты официальный жұмысқа жетпейді. Тұрақты жалақыңды алып тұрасың.

РКС: «Кедейліксіз округтер» пилоттық жобасы аясында мамандар алдымен мемлекетке ұзақ жылдар бойы қол қусырып отырған отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға тырысқан. Нәтиже жаман емес, бүгінде өңірдегі 125 ауылдық округте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы мүлдем жоқ. 

СНХ: ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жоба басталған кезде 7 жылдан астам атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген 100 отбасы болған. Қазір олардың саны 64 отбасыға азайды. Бұл 40 пайызға төмендегенін көрсетеді. 

РКС: Бүгінде облыс бойынша 928 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. 8 жыл бұрын ондай жанұя саны 10 мыңнан асып түскен. Бұл мақсатқа бөлінетін қаржы көлемі де 8 жылда 4,5 миллиард теңгеден 800 миллион теңгеге дейін қысқарған. 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу