ДИКТОР: Шілденің соңғы күндері Көкшетауда жеңіл атлетикадан «Ақ-бидай – 2026» облыстық спартакиадасы өтіп жатыр. Биыл дәстүрлі жарысқа облыстың 15 ауданынан 150-ге жуық спортшы жиналды. Екі күнге созылатын додада қатысушылар жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен өзара мықтыны анықтайды. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Жарыстар «Ақ-бидай» 37-ші облыстық спартакиадасы аясында ұйымдастырылуда. Бағдарламаға ядро лақтыру, түрлі қашықтыққа жүгіру және ұзындыққа секіру енгізілген. Спортшылар жеке және командалық есепте бақ сынап, аудан намысын қорғауда. Барлық қатысушы жарысқа тыңғылықты дайындықпен келді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ИГОРЬ ВАСИЛЕНЧУК, СПАРТАКИАДАНЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Бүгін жүгіру бағдарламасы бойынша 100 және 400 метрге спринттік жарыстар өтуде. Кейін 1500 және 3000 метр қашықтыққа жүгіру болады. Техникалық сайыстар – ядро лақтыру мен ұзындыққа секіру өтті. Енді командалық эстафета, сондай-ақ 200 және 800 метрге жүгіру жарыстары өтеді. Қатысушылардың дайындық деңгейі өте жоғары. Барлығы жақсы дайындалып келген.
СНХ: КӨПЖАСАР КНЯЗОВ, БАПКЕР (АРШАЛЫ АУДАНЫ): Былтырғы жылы осы «Ақ-бидай» спартакиадасының жылдық қорытындысы бойынша ауданымыз 1-ші орын алған. Биылғы жылда сол көрсеткішті көрсетуге жақсы дайындықпен командамыз келді. Қазіргі таңда осы «Ақ-бидай» спартакиадаға барлығымыз 10 спорт түрінен, осы 8-ші спорт түрі өтіп жатқан. Әзірге Аршалы ауданы көш бастап келеміз.Сол нәтижемізді қорғап, былтырғы жетістігімізді сақтау үшін жұмыстар атқарылып жатыр ауданымызда.
РКС: Ядро лақтыру сайысында үздік нәтиже көрсеткендердің бірі Аршалы ауданының спортшысы, облыстың алты дүркін чемпионы Руслан Юнусов. Ол 11 метр 86 сантиметр нәтижемен жеңіске жетті. Спортшылар сайыста салмағы 7 келі 260 грамм болатын ядроны лақтырды. Чемпион бұл спорт түрімен бірнеше жылдан бері тұрақты айналысып, облыстық жарыстарда талай мәрте жеңіс тұғырына көтерілген.
СНХ: РУСЛАН ЮНУСОВ, СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ (АРШАЛЫ АУДАНЫ): Бұл жарысқа жыл сайын қатысып, жүлделі орындарға ие болып келемін. Соған өте қуаныштымын. Баршаңызды спортпен айналысуға шақырамын. Ауданның, облысымыздың намысын қорғап, жақсы нәтижелерге жетуге тілектеспін. Спортқа алғашында темір көтерумен айналысу арқылы келдім. Кейін ядро лақтыру ұнап, осы күшті қажет ететін спорт түрін таңдадым. Алғаш рет аудандық жарыста бақ сынап, жақсы нәтиже көрсеттім. Содан бері жарыстарға тұрақты қатысып, бірнеше рет облыс чемпионы атағына ие болдым.
РКС: Жарысқа Жақсы ауданынан келген Татьяна Матвиевская да қатысып жатыр. Ол аудандық іріктеу кезеңінде 100 және 1500 метрге жүгіруде үшінші орын иеленген. Бұл жолы спортшы 1500 метр қашықтықта жүлделі орыннан үмітті.
СНХ: ТАТЬЯНА МАТВИЕВСКАЯ, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (ЖАҚСЫ АУДАНЫ): 1500 метрге жүгіру жарысына қатысамын. Былтыр да жақсы нәтиже көрсетіп, 1500 және 800 метр қашықтықтарында екінші және үшінші орындарды иеленген едім. Биыл да үздік үштіктің қатарынан көрінемін деген үміттемін.
СНХ: МЕЙРАМ ТОҚСАНБАЕВ, БАПКЕР (ЖАҚСЫ АУДАНЫ): Оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Жаңа толкание ядра аяқталды, результаттарын санап жатыр. Бір призер болады қыздардан деп тұрмыз, жалғыз қатысушы Виктория. Мұнда ауданнан жиналып келдік, Ишим ауылы, Киевский ауылы, құрама команда. Жеңген 1-ші, 2-ші орын алған командалар.
РКС: «Ақ-бидай» облыстық спартакиадасы бүгін аяқталады. Жарыстың қорытындысы бойынша бірнеше спорт түрі бойынша жеңімпаздар анықталады. Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар марапатталып, жалпыкомандалық есептің жеңімпаздары белгілі болады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ