ДИКТОР: Аптап ыстық әлі де басылар емес. Күннің қызуы күн сайын күшейіп, сынап бағаны +35 градусты көрсетіп тұр. Қала тұрғындары шілденің шіліңгір ыстығынан қорғанып, көлеңке мен салқын жер іздеуге мәжбүр. Бірі саябақтардан сая табуға тырысса, енді бірі кондиционер қосып, салқын сусынмен сергіп жүр. Көкшетаулықтар аптап ыстықтан қалай қорғануда? Тілші баяндайды.
РКС: Аптап ыстық қала тұрғындарын әбігерге салуда. Күннің қызуы күшейген сайын жұрт салқын сая іздеп әлек. Бірі көлеңкелі ағаштың түбін жағаласа, енді бірі субұрқақ жанында бой сергітуде. Қала тұрғындары аптап ыстықты қалай өткеруде? Өздерінен сұрап білдік.
БЛИЦ
- Захожу на фонтанчики и обливаюсь с подругами.
- Вчера мы сюда приходили, внучке понравилось вот этот фонтан, и вот мы сегодня опять же пришли сюда. Вот она играется, так прохладно. Вода там тёплая. побольше бы таких фонтанов в городе.
- Кәрі кісілерге дәрімен жүру керек, су алып жүру керек, басқа бас киім алып жүру керек, сақтанып жүру керек.
- Сейчас у меня уже вода с собой. Всё. Уже три бутылочки таких выпил я сегодня. Ещё утром дома, когда встаёшь, воду надо пить. Вода помогает. А так как-то ещё и кондиционеры. Вот в парке спасаюсь.
- Пьем много воды, кушаем много мороженого. Еще помогает холодное полотенце, а на крайний случай холодный душ.
РКС: Жоғары температураға байланысты қала көшелерінде адам қарасы азайған. Әркім аптап ыстықтан сақтанудың өз амалын табуда. Мұндай ауа райында өзіңмен су, бас киім алып шыққан абзал. Себебі аптап ыстық әлі бірнеше күн сақталады,-дейді синоптиктер.
СНХ: ГҮЛЖАН БАЙМҰҚАНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Алдағы күндері облыс аумағына оңтүстіктен жылы антициклон ығысуын жалғастырады. Соған байланысты өңірде ыстық ауа райы сақталады. Шілденің 29-ы мен 31-і аралығында күндіз ауа температурасы +30+35 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Кей жерлерде күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Тамыз айында да ауа райы негізінен ыстық болады. Ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады деген болжам бар.
РКС: Аптап ыстықта су ішу тәртібін сақтау, бас киім кию және мүмкіндігінше күннің тікелей сәулесінің астында ұзақ уақыт жүрмеуге тырысу керек,-дейді мамандар. Әсіресе балаларға, қарт адамдарға және созылмалы ауруы бар жандарға ерекше сақ болу қажет. Дене қызуы көтеріліп, қызып кетудің алғашқы белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгінген жөн.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ