ДИКТОР: Қазақстанда Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасыіске қосылды. Бұл кәсіпорындардағы еңбек дауларын ерте анықтап, алдын алуға және қауіп-қатер деңгейін онлайн тексеруге арналған ақпараттық жүйе. Ол 80-нен астам негізгі көрсеткіш бойынша өндірістің еңбек және қаржылық тәуекелдерін бағалайды. Тілші баяндайды.
РКС: Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Ақмола облысында 15 мыңға жуық кәсіпорын бар. Оның 5766-сы Көкшетау қаласында орналасқан. 400 мыңға жуық адам жұмысшы мамандығының иелері. Еңбек дауларын ерте анықтап, алдын алуға арналған «Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы» осындай кәсіпорын жұмысшыларының құқығын қорғауға негізделген.Еңбек және қаржылық тәуекелдердің қатарында жалақының уақытылы төленуі, зейнетақы, әлеуметтік және медициналық төлемдердің дер кезінде аударылуы мен өндірістік жарақаттану деңгейі ескеріледі.
СНХ: ҚАЙРАТ ЖАНАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Цифрлық картада кәсіпорындағы қауіптілік деңгейін жан-жақты анықтауға мүмкіндік беретін 80-нен астам бағалау критерийі пайдаланылады. Бұл критерийлерге жазатайым оқиғалардың саны мен ауырлығы, еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, жұмыс жағдайлары, зиянды өндірістік факторлардың болуы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуы және ұйым қызметінің басқа да сипаттамаларына байланысты көрсеткіштер кіреді. Осы мәліметтердің негізінде кәсіпорынның тәуекел деңгейі анықталады.
РКС: "Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы" ақпараттық жүйесі "Кәсіпорындардың цифрлық картасы" платформасының бір бөлігі. Цифрлық карта жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Тәуекелдерді автоматты түрде бақылау және анықтау жұмыс берушілерді қауіпсіздік пен еңбектің жоғары стандарттарын енгізуге ынталандырады, сондай-ақ оларды еңбек заңнамасын толық сақтауға міндеттейді.Енді жұмыс берушілер өз кәсіпорнындағы қауіп-қатер деңгейін онлайн тексере алады.
СНХ: ҚАЙРАТ ЖАНАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Кәсіптік тәуекелдердің цифрлық картасын пайдалану жұмысшыларға да, жұмысберушілерге де тиімді. Қызметкерлер үшін бұл қауіпсіздік деңгейінің жоғарылауын, жарақаталу ықтималдығының төмендеуін және еңбек жағдайларының жақсаруын білдіреді. Ал кәсіпорындар үшін кемшіліктерді уақытында анықтау, жабдықтардыжаңарту, қызметкерлерді оқыту жүйесін жетілдіру және өндірістік апаттар мен тоқтап қалуларға байланысты экономикалық шығындарды азайту мүмкіндігін береді. Қазақстандағы кәсіптік тәуекелдердің цифрлық картасы еңбек қауіпсіздігі жүйесін дамытудың маңызды құралы болып табылады. Болашақта мұндай цифрлық жүйелердің дамуы өндірістік жарақаттануды азайтуға жәнеҚазақстандағы жұмысшыларды қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
РКС: Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының тағы да бір маңызды аспектісі – бейресми жұмыспен қамтудың алдын алу. Жүйе кәсіпорындардағы жұмысшылардың ресми жұмысқа орналасуын бақылайды, бұл жұмысшылар әлеуметтік кепілдіктермен, атап айтқанда медициналық сақтандыру және зейнетақы төлемдеріқорғалмаған кезде көлеңкелі жұмыспен қамту үлесін азайтуға көмектеседі. Еңбек қатынастарын заңдастыру жұмысшылардың әлеуметтік қамсыздандырылуын арттырып, олардың экономикалық жағдайын жақсартады және мемлекет, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы диалогты дамытудың маңызды құралына айналады деп күтілуде.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ