ДИКТОР: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жарқайың ауданының тұрғындарымен кездесті. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен ауданның экономикасы және әлеуметтік саланы дамытатын перспективалы жобаларды талқылады. Басқосуда Есіл су қоймасының құрылысы, аграршыларға мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, сондай-ақ жаңа заманауи елді мекендерді салу жөніндегі жоспарлар туралы айтылды.
РЗК: Жергілікті тұрғындармен кездесуде өңір басшысы Есіл су қоймасының құрылысы бойынша жоспарларын айтты. Оның ұзындығы 81 километр, ені 17 шақырымға дейін. Марат Ахметжанов нысанның жаңа салаларды дамытуға негіз болатынын атап өтті. Атап айтқанда, жағалауда балық өсіру шаруашылықтары мен туристік аймақтар ашу жоспарлануда.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біздің Конституциямыз күшіне енді, елімізде үлкен оң өзгерістер орын алуда. Олар Жарқайың ауданына да қатысты. Өте үлкен жобалар бар. Оның ішінде мұндай үлкен Есіл су қоймасының құрылысы сияқты бастамалар. Өте орасан зор жоба, ол еліміздің солтүстігіндегі ірі жобалардың бірі болып табылады. Жарқайың және Есіл аудандарының құрылымын өзгертеді.
РКС: Жарқайың ауданын дамытудың драйвері агроөнеркәсіптік кешен болып қала береді. Биыл егіс алқабы 692 мың гектарды құрады. Фермерлер егістікті әртараптандыруда: майлы дақылдарға арналған алқаптар 16 есеге ұлғайды. Жұмыс жүргізу үшін мемлекет аграршыларға кешенді қолдау көрсетуде.
ИНФОГРАФИКА: Қолдау аясында шаруалар «Кең дала» бағдарламасы бойынша жылына бес процент жеңілдікпен несие алады. Мемлекет тыңайтқыштарға жұмсалатын шығындардың алпыс процентін өтейді және дизель отынын нарықтық бағадан жиырма процентке төмен жеткізеді. Бұдан басқа, шикізатты Балтық портына дейін тасымалдауға тоннасына отыз мың теңге көлемінде субсидия қарастырылған.
ИНФОГРАФИКА:
«Кең дала» жеңілдікпен несие: жылдық 5%
Тыңайтқыштарға арналған субсидия: құнынан 60%
Арзандатылған дизель отыны: нарықтан 20% төмен
Шикізатты тасымалдау: тоннасына 30 000 субсидия (Балтық портына дейін)
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрметті ауылшаруашылығы саласының еңбеккерлері, сіздер үшін жағымды жаңалығымыз да бар. «Кең дала2» бағдарламасы бойынша енді қаражатты жарты жылда емес, күзгі астық жинау жұмыстары аяқталып, астықты сатудан кейін қайтарса деген ұсынысты айттық. Ол мәселе қазір Үкіметтік деңгейде қарастырылып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, жартысын кейде қараша айында қайтаруды сұраймыз, ал енді Үкімет сіздердің өнімдеріңізді сатқаннан кейін ақша мен осы қаражаттың қайтарылуын қарастыруда.
РКC: Жарқайың ауданында еліміздің үздік үлгідегі - Отан және Жаңаесіл сияқты заманауи ауылдарды салу жоспарлануда. Жаңа елді мекендерде мектеп, медициналық нысандар мен мәдени-демалыс орталықтары жаңартылады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.