ДИКТОР: Егіндікөл ауылында соңғы жылдары ауқымды өзгерістер байқалады. Ауданда абаттандыру жұмыстары қарқын алып, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар жоба сәтті жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде елді мекен заманауи талаптарға сай көркейіп, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасып келеді. Өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мән-жайды көріп қайтқан тілші баяндасын.
РКС: Кезінде қалың шөп басып, жарығы болмаған бұл саябақ бүгінде тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының бірі саналады. Мұнда жергілікті халық отбасымен серуендеп, бос уақытын жайлы ортада өткізеді. Саябақ әсіресе бүлдіршіндердің шаттыққа толы мекеніне айналған. Олар табиғат аясына жиі шығып, түрлі ойын ойнап, таза ауада уақытты көңілді өткізуде.
БЛИЦ:
- Раньше у нас в парке было много травы, освещения не было, темно, нельзя было гулять здесь. А сейчас вот красиво всё сделали, освещение поставили, траву постригли, всё. Можно с друзьями время проводить, гулять. Очень хорошо стало. Вечером вообще красиво здесь.
- Было здесь очень темно. А сейчас вот это всё поставили, танк поставили, теперь вообще красиво.
- Здесь очень уютно, здесь всякие разные праздники проходят. Построили даже там площадку детскую, ещё поставили батуты, всякие разные автоматы детские. Вот прям уютно стало.
РКС: Егіндікөл ауылында 170 метрлік жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары мәресіне таяп қалды. Тұрғындар алдағы уақытта абаттандырылған әрі қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолымен еркін қатынай алады.
СНХ: СҰЛТАН БҰҚАЕВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ: Жұмыстың соңғы кезеңдерінің біріндеміз. Алдымен аумаққа топырақ, қиыршық тас және тас төсеніштер төселіп, арнайы техникамен нығыздалды. Енді қалғаны – асфальт жабындысын төсеу. Жоспарланған шаралардың 90 проценті орындалды. Ендігі кезең – асфальттау. Ауа райының қолайсыздығына байланысты әзірге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмей тұр. Жаңбыр жауып, күн сәл салқындап кетті. Ауа райы жылынған бойда асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы толық дайын болады.
РКС: Елді мекендегі қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмаған. Осы бағыттағы қолға алынған жобалардың бірі – жол бойына бағдаршамдар орнату. Бүгінде ауылда екі бағдаршам бар. Олар көлік ағыны көп жүретін ең маңызды учаскеге орналастырылған. Жүргізушілер де бұл жаңашылдықтың тиімділігін сезініп, оң бағасын беруде.
СНХ: СЕРІК СЕЙІЛОВ, АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ: Бұл аумақта бағдаршамсыз қатынайтынбыз, ол кезде бірқатар қолайсыздықтар болды. Бағдаршамдардың орнатылуы қозғалысты реттеуге мүмкіндік берді. Жол тәртібі сақталады, жүргізушілер үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де жағдай жақсарды.
РКС: Елдімекенде көшелерді жарықтандыру жүйесін де жаңартып жатыр. Сонымен қатар жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде ауыл аумағы толық қоқыстан тазартылды.
СНХ: МАРАТ ҚАРАБҰЗАУОВ, ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Апта сайын сенбіліктер өткіземіз. Қарапайым тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинаймыз, кей жерлерді әктеп, сырлаймыз. Бұл біз үшін қалыпты іске айналған. Негізгі жұмыстарға келетін болсақ, «Жеңіс» саябағында абаттандыру жұмыстарын жүргіздік. Оған шамамен 53 миллион теңге бағытталды. Сонымен қатар «Жастар» саябағын дамыту жобасы әзірленді, қазір оны жүзеге асыру жұмыстары жүруде. Алдағы уақытта атқаратын жоспарларымыз да көп.
РКС: Алдағы жылы ауылдағы барлық көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Барлық көшеге асфальт төселіп, жарықтандырылмаған учаскелер ретке келтіріледі. Бірнеше қараңғы аумаққа жарық шамдары орнатылып, мәселе толықтай шешімін табады деп күтілуде.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ