ДИКТОР: Бурабайда қолайсыз ауа райының салдарынан көл ортасында қалып қойған 7 адам құтқарылды. Оқиға құтқарушылардың кезекті патрульдеу жұмыстары кезінде анықталған.
РКС: Мамандар Бурабай көлінің жағалауынан шамамен 800 метр қашықтықта толқынның өтінде қалған резеңке қайықты байқаған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар дер кезінде әрекет етіп, демалушыларды аман-есен жағаға жеткізді.
СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Сондай-ақ екінші жағдай Щучье көлінде тіркелді. Жағалаудан бір шақырым қашықтықта резеңке қайықпен балық аулап жүрген азамат құтқарылды.
РКС: Абырой болғанда, құтқарылғандардың барлығы құтқару кеудешелерін киген. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеген. Мамандар дауылды ескертулерді елемеуге болмайтынын ескертеді. Сондай-ақ, суға шығар алдында ауа райы болжамын мұқият бақылап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ