ДИКТОР: Көкшетауда мүгедек балаларды қоғамға бейімдеп, әлеуметтендірумен айналысатын «Мен өзім жүремін» қоғамдық қорының екі орталығы бар. Бірі «Инклюзияға қадам», екіншісі шағын сыйымдылықтағы «Аяла» тұрғын үйі. Әр баланың кінәратына қарай жеке-жеке көңіл бөліп, тәрбие беретін әр маманның сапалы еңбегі жайлы толығырақ тілшіміз баяндайды.   

РКС: Тимур Муслимов өзінің бауыры Артурды Көкшетаудағы «Мен өзім жүремін» қоғамдық қорына қарасты орталыққа күнде ертіп әкеледі. Жасы тоғызда болса да, інісінің таным түйсігі төмен. Бұған дейін үйде сабақ алып келген бала, арнайы мамандардың ортасына түскен сәттен бастап, даму қабілеті өзгеріп, жақсарған. Бұл орталық қызметкерлерінің күнделікті қажырлы жұмысының жемісі. 

СНХ: ТИМУР МУСЛИМОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Інімді осы орталыққа алып келгенде жылы қарсы алады,күлімсіреп шығарып салады. Сабақтан кейін көңіл күйі өте жақсы болады. бойында көп өзгерістер байқалады.Бұған дейін мамасыз, ашуланшақ болған еді, қазір сабырлы бола түсті, көп ойнайтын болды. Менімен де байланысқа түсіп, керегін ымдап болса да сұрайтын дәрежеге жетті.  

РКС: Балалардың әрбірінің диагнозы мен қабылеті әр түрлі. Сондықтан мұндағы мамандарға сабырлы болу аса қажет-ақ. Күнделікті тынымсыз еңбек қана өз нәтижесін береді.  

СНХ: АҚМАРАЛ АЛПЫСОВА, МУЗЫКА ТЕРАПЕВТІ: Мен балалармен ырғақты көбінесе дамытып жатырмыз және есту қабілеттерін. Мысалы, аспаптарды бір біріне қосу, табу, аспаптарда ойнау, көібенесе балалардың инструменттерін ойнаймыз. Балаға тыңдатамыз, сосын жасырып қойып, дыбыс арқылы табуы керек. Айта алмаса да, қолдарымен ұстап көрсетуі керек. Басында дұрыс ажырата алмаса, қазір ритммен ажырату біледі. Ырғақ арқылы есту қабілетін дамытып жатырмыз.

РКС: Бұл қордың жүйке жүйесінде ақауы бар 20 балаға лайықталған ғимараты. Мұнда ¬бала саны шектеулі, күндізгі жартылай стационар түрінде тәрбие жүргізіледі. Жоба мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жұмыс істейді. Балаларды дамытуға қажетті барлық құрал-жабдықтар бар. Күнделікті тасымалдайтын көлік бөлінген. Балаларды тамақтандыру да ұйымдастырылған.  

СНХ: ГАУҺАР КАМЕЛИНОВА, «МЕН ӨЗІМ ЖҮРЕМІН» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ, ОҢАЛТУ ДӘРІГЕРІ:///00.03 АУДАРМА: 2017 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың сұрауымен дамуында ерекшелік бар балаларды оңалтатын «Мен өзім жүремін» қоғамдық қорын құрған едік. Бүгінгі күні біз екі әлеуметтік жобаны жүзеге асырып отырмыз. Бұл «Инклюзияға қадам» және шағын сыйымдылықтағы тұрғын үй локациялары. Қорда 60 бала бар. Диагноздары аутизм, сөйлеу жүйесінде тежеуі бар, ақыл есі кем, генетикалық ерекшелігі бар дауна балалар келеді. Олардың барлығы жүйке педагогикалық қолдаудан және әлеуметтік бейімдеуден, психоэмоционалды түзетуден өтеді. 

РКС: Қоғамдық қордың қос ғимаратын қоса алғанда 60 баламен логопед-дефектологтар, емдеу- денешынықтыру нұсқаушылары,әлеуметтік қызметкерлер, психиатрлар, оңалту дәрігерлері, медбикелер, тәрбиешілер мен санитарлар жұмыс істейді. Осындай үлкен команда күнделікті жүйке жүйесі зақымданған балаларды қоғамға бейімдеу, өздігінен жүріп-тұру, өзіне-өзі қызмет қылу сияқты қарапайым машықтарға үйретумен айналысады.Оларға күнделікті қиындықтармен ата-аналар сияқты күресуге тура келеді. Үлкен жүрекпен осы жолды таңдаған әр маманның мінсіз қызметі ғана денсаулығында кінәраты бар баланың қоғамда өз орнын алуына ықпал етпек. 

 ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.