ДИКТОР: Көкшетауда кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды жоба басталды. Таныстыру жиынына жоғары оқу орындарының, колледждердің, білім беру ұйымдары мен кітапхана саласының өкілдері қатысты. Басқосуда өңірде кітап оқуды насихаттау, жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру бағытында атқарылар алдағы жұмыстар талқыланды. Кездесу қорытындысында тараптар жобаны Ақмола облысында бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр. Бұл арқылы елімізде кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, Қазақстанды әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына қосу көзделуде. Жобаға қатысушыларды тіркеу тамыз-қыркүйек айларында басталады. Ал қыркүйектен келер жылдың наурызына дейін әр қатысушы 15 кітап оқуы тиіс. Наурыз-сәуір айларында тестілеу мен танымдық квиздер ұйымдастырылып, сәуірде жоба жеңімпаздары анықталады.

СНХ: АЯН САҚОШЕВ, «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ЧИТАЮЩАЯ НАЦИЯ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Бұл кітаптар тізімінде өзіміздің төл әдебиетіміздің үздік туындылары, әлемдік бестселлерлер, әр категорияны қызықтыратын, қазір өзіміздің кітап дүкендерімізде сатылатын кітаптар. Әр кітаптың берер құндылығы өте жоғары жеп ойлаймыз. Оны біздің ғылыми қызметкерлер, эксперттеріміз саралап, тізімдер дайындады. +скл+Бұл біздің қатысушыларға мотивация беру мақсатындағы жәрдеміміз. Осындай марафонға біздің арнайы серіктестеріміз бар, әр қатысушы арнайы серіктесіміз Яндекс компаниясының яндекс кітаптар сервисіне кіріп, біздің тізімдегі бар кітаптарды тегін оқи алады. Бұл да біздің арнайы жаhaндық, цифрлық деңгейде оқуға мүмкіндік беретін жобаның бір бағыты деп білеміз. 

РКС: «Кітап оқитын ұлт» жобасы жеті бағыт бойынша жүзеге асады. Атап айтқанда, «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет» және «Кітап оқитын университет» бағыттары арқылы қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру көзделген. Соның бірі – «Кітап оқитын университет» бағыты. Оның мақсаты – жоғары оқу орындарында кітап оқу дәстүрін нығайтып, студенттердің рухани әрі зияткерлік дамуына ықпал ету. Осы бағыт аясында оқу орындарында кітап оқу марафондары, әдеби кездесулер, пікірталастар мен түрлі зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жобаға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті де атсалыспақ.

СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Қазіргі жаhандану заманы, цифрлы заман, жасанды интеллекті енгізіп жатырмыз, бірақ кітап оқу мәдениетін ешқашан да жоғалтуға болмайды. Ол біздің рухани, басты құндылық. Бүгінгі бастама іске асырылады, біздің Уәлиханов университетінің ұстаздары, студенттері барлық бастамаларға қатысады. Бүгінгі жоьа жастар үшін маңызды. Цифрлық платформаға тіркелу керек, қатысу керек, барлық студенттер қатысады. Біздің студенттер әр өңірден, облыстан келеді. 70-80% олар мемлекеттік тілде оқиды. Олар бәрі қатысады себебі мотивация бар, жүлде бар, ол да өте жақсы.

РКС: Жоба бұған дейін Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жүзеге асырылып, 90 мыңға жуық адамды қамтыды. Бүгін бұл қатарға Ақмола өңірі де қосылып отыр. Алдағы уақытта жобаны еліміздің 20 өңірінде іске асырып, 2 миллионға жуық тұрғынды тарту жоспарланып отыр.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ