ДИКТОР: Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыр жүк көліктерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз! Үлкен жүк көлігі» атты профилактикалық акция өтті. Шара облыстық көліктік бақылау инспекциясы мен жергілікті патрульдік полиция қызметкерлері мамандарының бірлескен жұмысы. Акция барысында мамандар Петропавл-Астана тас жолыарқылы өткен ауыр жүк көліктерінің техникалық жағдайы мен жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін орындауын тексеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

РКС: Бұл профилактикалық шара тамыздың 10-на дейін жалғасады. Шара аясында жүргізушілерге ауыр жүк көліктерін басқару кезінде ауа райының күрт өзгеруіне қатысты аса сақтық таныту, белгіленген талаптарды қатаң сақтау және жолдағы жауапкершілікті арттыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

СНХ: НҰРСҰЛТАН КӘРІМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТЕГІ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бір апта ішінде 20-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Салынған айыппұлдардың сомасы 10 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар, жазғы кезеңде ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында бір білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін еске саламыз. Сондай-ақ, көлік құралдарының жалпы рұқсат етілген массасы 20%-ға төмендетіледі. Тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілерді жүк тасымалдау саласындағы заңнама талаптарын сақтауға және тасымалдауды жоспарлау кезінде қолданыстағы маусымдық шектеулерді ескеруге шақырамыз.

РКС: Петропавл–Астана тасжолы өңірлерді байланыстыратын маңызды көлік дәліздің бірі. Бұл бағытпен тәулік сайын шамамен 2 мыңнан астам жүк көлігі қатынап, елімізді шет елдермен байланыстырып, жүк тасымалының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді.

СНХ: ЖӘНІБЕК СЕЙІТОВ, АУЫР ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: Латвиядан келе жатырмын, Еуропадан. Жуа алып келе жатырмын. Жүктің салмағы 20 тонна 580 кг. Жол ұзақ. Жол бойы жол полициясы, транспортная инспекция дейді ғой, солар тоқтатып бізге предупреждения жасап орысша айтқан кезде. Шаршадыңдар ма? Шаршамадыңдар ма? Тоқтап демалып алыңдар, тексеріп, ескерту жасап бақылап жатыр. 

РКС: Жол қауіпсіздігі мен көлік саласындағы тәртіп баршаға ортақ міндет. Көлік бақылау қызметі заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра береді. Талаптарды бұлжытпай орындау айыппұлдан сақтанудың жолы. Десе де ең алдымен жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сақтансаң ғана сақтайтынын естен шығармаған абзал.  

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ