ДИКТОР: Ақмола облысында алғаш рет жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында республикалық спартакиада ұйымдастырылды. Елдің 19 өңірінен келген мың жарымнан астам спортшы бас қосып, қазақ күресінен шеберліктерін көрсетті. Боз кілемге шыққан 90-ға жуық палуан ұлттық спорттың мерейін үстем етіп қана қоймай, ел бірлігі мен салауатты өмір салтын насихаттады.
РКС: Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген, қазақтың ұлттық спортын ұлықтап жүрген кіл мықты палуандар 5 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде күш сынасты. Намыс пен жігерді серік еткен спорт саңлақтары жеңіс жолында бар өнерін ортаға салды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ӘДІЛ ҚАПСӘЛӘМОВ, ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН СПОРТШЫ (АСТАНА): Күреспен біттей кезден, жастайымнан айналысамын. Осы республикалық жарыста 1-ші орынға ие болдым. Бапкерлеріме рахмет. Тартыс өте күшті болды. Қарсыластар дайындалып келді. Бірінші белдесу Алматы облысының палуанымен, содан кейін Батыс Қазақстан облысы, жартылай финалда Қостанай, финалда Атырау облысының спортшысымен кездестік. Барлық палуандар мықты. Финалдағы кездесу ең ауыр болды. Құдайға шүкір бүгін бірінш орынға ие болдық.
РКС: Бұл айтулы спорт мерекесіне әлемдік және халықаралық жарыстарда Қазақстанның көк туын биікке көтеріп, ел абыройын асқақтатқан даңқты спортшылар да қатысты.
СНХ: АЙДЫН ҒАБИТҰЛЫ, ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҰЛТТЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ: Жарыста мықты палуандар бақ сынап жатыр. бұрынғы Азия чемпиондары, Әлем чемпиондары айта кетсек Батыс Қазақстан облысының спорт басқармасының басшысы Бағдаулет Сәбитов жаңа ғана көз алдарыңызда күресіп, күміс жүлдегер атанды және оның қарсыласы Абай облысының палуаны көшпенділер елінің жеңімпазы бұл жарыс 5-ші жыл қатарынан өтіп жатыр. жылдан жылға қарқын алып келеді.
СНХ: АЛТЫНБЕК ТӨЛЕНДІ, ҚОСТАНАЙ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Біздің құрама Қостанай аудандарынан жинақталған, кілең мықты спортшылар. +100 келі салмақ дәрежесінде 3 орын алып отыр. Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Спортшыларға жақсылық, жеңіс тілеймін.
РКС: Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада биыл 5-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл өткен сайын беделі артып келе жатқан байрақты бәсекеде соңғы 2 жыл қатарынан жалпы командалық есепте Ақтөбе облысының құрамасы топ жарып келеді. Чемпиондық атағын абыроймен қорғап жүрген ақтөбеліктер биылғы додада да жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін тыңғылықты дайындықпен келгенін жеткізді, құрама басшысы.
СНХ: ӘМІР АСҚАРҰЛЫ, ҚҰРЫМТАЙ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ (АҚТӨБЕ): Жергілікті атқарушы органдар арасындағы республикалық спатакида осымен 2-ші рет қатысудамын. Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша 70-ке жуық спортшыларымыз келді. Сонымен қатар соңғы 2 жылда Ақтөбе облысы құрамасы жеңімпаз атанған болатын, жалпы командалық есепте. Ақтөбе облысы бойынша жалпы үстел тенисі, жүзу, қазақ күресі, волейбол, фйутбол спорт түрінен жеке дара алдыңғы жарстарда, осы спартакиада да жақсы көрсеткіштер көрсетіп жатырмыз.
РКС: Спорттың бірнеше түрі бойынша өткен тартысты бәсекенің қорытындысында жалпы командалық есепте Батыс Қазақстан облысының құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Соңғы 2 жыл бойы чемпион атанып келген Ақтөбе облысының командасы бұл жолы күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал жарыс қожайындары Ақмола облысының спортшылары жоғары деңгейдегі өнерлерімен көзге түсіп, жалпы командалық есепте қола жүлдені иеленді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ