ДИКТОР: Елімізде ішкі туризмге қызығушылық жыл сайын артып келеді. Бұл үрдіс шағын және орта бизнестің дамуына да тың серпін беруде. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының арқасында кәсіпкерлер туристік жобаларын кеңейтіп, жаңа демалыс орындарын ашуға мүмкіндік алып отыр. Ал аймақта бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі қандай? Тілшіміз жалғастырады. 

РКС: Былтыр ел ішінде саяхаттаған туристер саны 10 миллионнан асқан. Саяхатшылардың дені экотуризм мен ұлттық паркте демалуға басымдық береді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, табысты кәсіп бастап отырғандардың бірі - Айнұр Жәкібаева. Мемлекеттік қызметте 20 жыл еңбек еткен ол, жұбайымен бірге кәсіпкерлікке бет бұрып, бүгінде Жүкей көлінің жағасында орналасқан «Лес и Звезды» глэмпинг кешенін ашқан.

СНХ: АЙНҰР ЖӘКІБАЕВА, КӘСІПКЕР: Пандемиядан кейін карантиндік шектеулер алынып, адамдардың табиғат аясында демалуға деген қызығушылығы айтарлықтай артты. Сол кезеңде ішкі туризмнің жаңа қарқынмен дами бастағанын байқадық. Осы мүмкіндікті бағамдай отырып, жұбайым екеуміз бұл саланы тереңірек зерттеуге кірістік. Ең алдымен қолайлы жер телімдерін қарастырып, еліміздегі және шетелдегі ұқсас туристік жобалардың тәжірибесін зерделедік. Сонымен қатар ішкі туризмді дамытуға арналған мамандандырылған вебинарлар мен семинарларға қатысып, қажетті білім мен тәжірибе жинақтадық.

РКС: Бесінші маусым қатарынан туристерге сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан демалыс орны бүгінде бір мезетте 90-ға жуық демалушыға қызмет көрсетеді. Бірақ кәсіпкерлер мұнымен шектелмейді. Биыл мұнда тағы бес демалыс үйі салынып, жергілікті фермерлердің экологиялық таза өнімдерінен әзірленетін тағамдар ұсынылатын мейрамхана ашылған. Кәсіпкерлер алдағы уақытта туристік нысанның мүмкіндігін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

СНХ: АЙНҰР ЖӘКІБАЕВА, КӘСІПКЕР: Ол үшін біз «Даму» қорының «Өрлеу» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының мүмкіндігін пайдаландық. Жобаға қаржылай қолдау көрсетіліп, оны іске асыруға қажетті қаражат бөлінді. Алдағы жоспарымыз да ауқымды. Туристік нысанның инфрақұрылымын одан әрі жетілдіріп, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды көздейміз. 

РКС: Нұрбанк «Даму» қорымен бірлесе отырып, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша тиімді шарттарда кәсіпкерлерге кредит берді. Бүгінде қаржы институты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысып, өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландырып келеді.

СНХ: НҰРЖАН ДӘУЛЕТОВ, «НҰРБАНК» АҚ КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Осы салада көпжылдық тәжірибе жинақтап, көптеген бастаманың табысты жүзеге асуына қолдау көрсетіп келеміз. Банк кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысады. Соның ішінде «Даму» қорымен серіктестік аясында кәсіпкерлерге қолжетімді әрі тиімді қаржыландыру тетіктерін ұсынады. Біз үшін ең маңыздысы - клиенттермен өзара сенімге негізделген ұзақ мерзімді әріптестік орнатып, олардың бизнесінің тұрақты дамуына қолдау көрсету.

РКС: Бүгінде демалыс орны аймақтағы танымал туристік орындардың бірі. Қаржы ұйымы өкілдерінің айтуынша, ішкі туризмді дамытып, жаңа туристік жобаларды жүзеге асыруға ниетті кәсіпкерлерді қолдау алдағы уақытта да жалғасады. 

ТЕКСТ НА ЭКРАН: «Нұрбанк» АҚ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.15/193 лицензиясы бар.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ