ДИКТОР: Шаһарда жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасындағы жыл сайынғы республикалық спартакиада жалғасуда. Биыл жарыс спорттың 10 түрі бойынша өтіп жатыр. Алғаш рет дода бағдарламасына киберспорт пен үлкен теннис енгізілді. Күні кеше командамыз шағын футбол, үлкен теннис және волейболдан бақ сынады. Спортшыларымыздың нәтижесін тілшіміз Евгений Варанкин көріп қайтты.

РКС: Республикалық спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен мемлекеттік қызметшілер қатысуда. Жарыстар қаланың бірнеше спорт нысанында өткізіліп жатыр. Қатысушылар шағын футбол, волейбол, үлкен теннис, шахмат және басқа да спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтап жатыр. Күні кеше құрамамыз шағын футболдан Қостанай облысының командасына қарсы ойнап, 1-0 есебімен жеңіске жетті.

ИНТЕРШУМ: 

СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ШАЙМҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ақмола облысының командасы жүзу және үстел теннисінен үміт күтіп жатырмыз. Қазіргі таңда шағын футболдан бірінші ойынында Ақмола облысы мен Жетісу командасы тең ойнады 0-0. Келесі қарсылас командамыз Қостанай облысы. Жігіттерден жақсы нәтиже күтеміз. Оның алдында Зеренді ауданында облыстық іріктеу кезеңі өтті. Сол облыстық кезеңде Ақмола облысы әкімінің аппараты жеңіске жетіп, мықты спортшыларымыздан команда жасақтық. 

РКС: Спартакиаданың тартысты бәсекелерінің бірі – волейбол жарысы. Бұл жолы Ақмола облысының құрамасы Павлодар командасымен кездесті. Екі команданың да жанкүйерлері спортшыларға қызу қолдау көрсетті. Кездесу тартысты өтіп, қос команда да жеңіске деген жігерін танытты. Дегенмен матч қорытындысында павлодарлықтар 2:0 есебімен басым түсті. Спортшылардың айтуынша, тартысты бәсеке барлық спорт түрінде жоғары деңгейде өтіп жатыр. 

ИНТЕРШУМ: 

СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекеттік қызметшілер өзінің біліктілігін және спортқа деген құштарлығын, жастарға деген үлгісін көрсетіп жатыр. Бұл тарихи шара. Осы жылы 10-шы спорт түрі ретінде үлкен теннисті кіргізіп отырмыз. Бүкіл мемлекеттік қызметшілері өте жоғары деңгейді көрсетіп жатыр. Халыққа қызметкер ғана емес, спортқа деген жақсы дайындығын көрсетіп жатыр. Бүгін волейбол бойынша біраз тартысты ойын болды. Мықты ойыншылар біздің мемлекеттік қызметшілерде бар. Біз Ақмола облысы ретінде біраз жетістіктерді көрсетіп жатырмыз. Ертең группаға шығуға жоспарлап жатырмыз. Барлық жанкүйерлерге «Көкше Аренаға» келіп, бізді қолдауыңызды сұраймыз. 

РКС: Ақмола облысы командасының құрамында өңір басшысы Марат Ахметжанов та үлкен теннистен бақ сынап жатыр. Ойындардың қорытындысы бойынша ол бірінші орынға шықты. Облыс құрамасы алдағы жарыс күндерінде де медаль қорын толықтырып, жалпыкомандалық есептегі орнын нығайтуды көздеп отыр.

СНХ: СҰЛТАНӘЛІ МӘКЕЕВ, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ): Бес жыл бойы жыл сайынғы спартакиадаға қатысып келеміз. Биылғы спартакиада жоғары деңгейде өтіп жатыр. Барлық 10 спорт түрінен бақ сынап жатырмыз. Футболдан да, басқа спорт түрлерінен де. Әріптесіміз киберспорттан 7-ші орынға ие болды. Көкшетау қаласы бізді өте жақсы қарсы алды. Жалпы, шараның ұйымдастыру деңгейі өте ұнады.

РКС: Акмола облысы мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиаданың тұрақты қатысушысы. Командамыз үстел теннисі мен жүзу спорт түрлерінен жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Айта кетейік, әзірше облыс әкімі Марат Ахметжанов теннистен бірінші орынға жетті. Жүзуден Ғалымжан Ахмет күміс медаль жеңіп алса, Гүлжан Қойбағарова шахматтан бірінші орынды иеленді. Жүзуден эстафета микс түрінен облыс екінші орыннан көрінді. 

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ