ДИКТОР: Қазақстандықтардың 73 проценті жеке қаржысының есебін жүргізіп отырады. Қазақстан қоғамдық даму институты осындай мәлімдеме жасады. Зерттеу қаржылық тәртіп әр адам өз бюджетін басқаруға деген саналы көзқарасын қалыптастыратынын және ақшаға жауапкершілікпен қарау көбінесе отбасылық әдеттерге байланысты екенін көрсетті.
РКС: Талдау көрсеткеніндей, азаматтардың 34 проценттен астамы барлық қаржылық операцияны жүйелі түрде тіркеп отырады. Тағы 39 проценттейі болжамды есеп жүргізеді. Сауалнамаға қатысушылардың 17 проценттейі шығындарын бақыламайтындарын мойындаса, кейбіреулері мұны қажетсіз деп санайды. Зерттеу балалары барлар үшін қаржылық сауаттылық мәселесі маңызды екенін көрсетті. Біз де Көкшетау қаласының тұрғындары өз қаржыларын қаншалықты мұқият басқаратынын сұрадық.
БЛИЦ-САУАЛНАМА: Мен бәрін үнемі жазып жүремін, пәтерақыға дейін. Бәрі есептеулі. Ешкімге ешқашан қарыз емеспін. Әдетте жалақы алған кезде бәрін жаратып тастаймыз ғой, айдың соңында несие төлеу керек екенін ұмытып кетіп жатамыз. Содан барып қарыз қордаланады. Мен мысалы жалақыны алған бетте-ақ бәрін шамамен жазып аламын. Қалғанын аз да болса депозитке саламын.
- Міндетті түрде есеп жүргізіп отырамыз. Ақшаның қайда және не үшін кетіп жатқанын білуіміз керек. Сондықтан жазып отырамыз.
- Әрине, бәрін алдын ала жоспарлаймыз. Өз қаражатымызды жазып, бір айға есептеп қоямыз.
РКС: Білім беру гранттары да қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етуде. Жанар Ермұханның айтуынша, Ұлттық банктің базасындла мектеп ұстаздары мен колледж оқытушылары үшін қаржылық сауаттылыққа қатысты тренингтер өткізіледі. Ал мұғалімдер алған білімдерін оқушылардың бойына дарытады.
СНХ: ЖАНАР ЕРМҰХАН, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: Қаржы сауаттылығы – тек жеке адамдардың емес, бүкіл елдің тұрақты дамуына әсер ететін маңызды дағды. ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық Банкінің алаңында 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап қаржылық сауаттылыққа байланысты бүкіл республика бойынша мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған тренингтер өткізіліп жатыр. Бұл бастама – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бұл бағдарламаға 2025 жылы 6 мыңдай мұғалім қатысты, 2026 жылдың аяғына дейін осы бағдарламаға 4 мың мұғалім қамтылады, барлығы 10 мың мұғалім қатысады.
РКС: Бұдан бөлек, Қазақстанда балалар үшін қаржылық сауаттылық жөніндегі «Алатау сити» арнайы оқыту онлайн ойыны, «Barys IQ» зияткерлік викторинасы әзірленген. Оның барысында қатысушылар ақша, банктік карталар, жинақтар, несиелер, инвесчтициялар мен қаржылық сауаттылыққа қатысты сауалдарға жауап береді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ